«А.Л.Ж.И.Р.»
Описание
А.Л.Ж.И.Р. - Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагері.
1937 жылы ІІХК-ның арнайы бұйрығымен салынған Ақмола халық жаулары әйелдерінің лагері, кейін баршаның аузында АЛЖИР аталып кеткен азап орталығында жиырма мыңға дейін нәзік жандар қамауда болған. Қарағанды лагерінің 17-ші бөлімшесінің артынан 26-шы нүкте болып құрылған осынау тозақ орталығында небір ел жайсаңдарының зайыптары, қыздары мен қарындастары жазықсыздан-жазықсыз жапа шекті. Одақ көлеміне кеңінен танылған: Әзиза Рысқұлова мен оның анасы Әрипа Есенғұлова, Дәмеш Жүргенова, Рабиға Асфендиярова, әнші Лидия Русланова және т.б. сынды мемлекет, саясат және қоғам қайраткерлерінің әйелдері еді.
АЛЖИР 1950 жылдың басында таратылып, оның тұтқындары басқа лагерге ауыстырылды, мерзімін өтегендер босатылды. Бірақ, 1956-1957 жылдары Саяси репрессия құрбандары ақтала бастаған кезге дейін олардың көпшілігі тұрған жерлеріне қайтып оралуға құқы болмады. АЛЖИР тек 80-жылдардың соңында ғана ашық айтылып, жазыла бастады.
Армиял Тасымбековтың бұл тақырыпта жазған шығармасын негізге ала отырып, «А.Л.Ж.И.Р.» спектаклі сахналанды.
А. Л. Ж. И. Р. - Акмолинский лагерь жен изменников Родины.
В 1937 году в Акмолинском лагере женщин-врагов народа, построенном по специальному приказу НКВД, до двадцати тысяч женщин находились под стражей в центре пытание , который позже был назван Алжиром. В этом центре образованном 26-й точкой после 17-го отделения Карагандинского лагеря, супруги, дочери и сестры жителей небывалой страны прошли путь от пытков во всей стадии. Широко признанные в масштабах Союза: Азиза Рыскулова и ее мать были женами таких государственных, политических и общественных деятелей, как Азиза Есенгулова, Дамеш Жургенова, Рабига Асфендиярова, певица Лидия Русланова и др.
АЛЖИР был расформирован в начале 1950 года, его заключенных перевели в другой лагерь, а отбывших срок освободили. Но до тех пор, пока в 1956-1957 годах жертвы политических репрессий не начали оправдываться, большинство из них не имели права возвращаться туда, где они жили. АЛЖИР стал открыто произноситься и записываться только в конце 80-х годов.
Автор
Армиял Тасымбеков
Қоюшы-режиссері және сахналық нұсқасын жасаған
Баатырбек Шамбетов
Сценографиясын жасаған
Садыр Ниязакунов
Қоюшы-суретші
Жанна Джунусова
Жанр
реквием
- ДатаМестоЗонаВзрослымДетям
- 24ноябрявсТеатр им. Абая (г. Семей)Залот 1000 ₸от 1000 ₸
- 1декабрявсТеатр им. Абая (г. Семей)Залот 1000 ₸от 1000 ₸