«Ақан сері туралы аңыз» спектаклі

Ән еркесі, жыр серкесі, сегіз қырлы серілік өнердің көрнекті өкілі – Ақан Қорамсаұлының өмір жолының, тағдыр торабының қызықтылығы сондай, көзі тірісінде-ақ, ол туралы аңыздар ел аузында кең таралып кеткен. Ақан сері туралы толғамнан туған қойылымда А. Қорамсаұлының, М. Әуезовтің, С. Жүнісовтің, М Кәрімнің, М. Әбілдің, І. Мұратбектің шығармалары, ел аузындағы аңыз-әңгімелер қолданылған. Демек қойылымда көрсетілген сахналар толықтай Ақан серінің өмірінен алынды деуге келмейді. Қойылымның айтар ойы да осында…