Келін
Описание
Қойылым-ұрпақ тәрбиесіне жауапты келіндердің өмірдегі орны төңірегінде ой өрбітеді. Жалғыз ұлы Ақатайға оқыған-тоқыған, дәулетті үйдің қызын әперуді армандайды. Ал, ұлы ауылдағы Әлия атты қызға ғашық болады. Анасы Қайша оның ғашығы Әлияға қосылуына кедергі болады. Осындай шиеленістің шешімін Ақатайдың достары тауып, қулық жасап, анасын алдауға бел буады. Сөйтіп, олар «генералдың қызы» деп Мәнсияны «келін» етіп түсіреді. Келін келе сала енесінің өзін жұмсап, оған бұрынғы күнін зар етеді. Оған шыдай алмаған Қайша Мәнсияны қуып жіберіп, ұлына Әлияға қосылуға рұқсат етеді. Көрермендерді бір мұңайтып, бір күлдіретін шығарма жастарға үлкен ой салады. Бүгінгі қоғамды жете сынайды. Қыз тағдыры-отбасы тағдыры, қала берді бүкіл елдің ортақ мәселесі екендігін айғақтайды.
Автор
Есенжол Домбаев
Режиссёр
Мұқан Томанов
Қоюшы суретші
Тимур Коесов
Ұзақтығы
1 час 10минут
Жанр
Мұңды комедия
Жас санаты
12+
Возрастное ограничение
12+
- ДатаМестоЗонаВзрослымДетям
- 24январяптДрам. театр им. МахамбетаНовый зал 508 местот 1500 ₸от 1500 ₸