97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

Hassak - «Туған Жер» Алматыда

Билет сатып алу

10 мамыр күні Алматы қаласында HasSak этно-фолк тобының «Туған Жер» атты ерекше жеке концерті өтеді.

Бұл кеш туған жерге, өз тарихи бастауымызға және кең байтақ даланың рухына арналған. Кеш барысында көрермендер көне күйлердің терең әуенін, көмеймен айтылатын әндердің ерекше үнін және дәстүрлі қазақ аспаптарының шынайы қуатын сезінеді.

HasSak - бұл халқымыздың тарихымен, мәдениетімен және рухымен тікелей байланыс. Топтың әрбір концерті - жай ғана музыка емес, бұл - өз ұлтыңа деген мақтаныш, ата-бабаның аманатын сезіну, жан дүниеңе әсер ететін рухани кеш.

HasSak тобымен бірге туған жердің шынайы әуезіне бөленіңіз.

«Туған Жер» концертін жіберіп алмаңыз - 10 мамыр, сағат 18:00-де, Алматы, Жамбыл атындағы филармония.