ВЕЧЕР ВДОХНОВЕНИЯ: Бибігүл Жанұзақ пен Азат Мәлік
Қазақконцерт сіздерді танымал опера әншілері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, сопрано дауысты Бибігүл Жанұзақ және «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, баритон дауысты Азат Мәліктің «Вечер вдохновения» шығармашылық кешіне шақырады.
Классикалық өнерді бағалайтындар үшін олардың есімдері жақсы таныс: қос әнші үлкен сахналарда жарқырап, халықаралық байқауларда топ жарған, көрерменнің ыстық ықыласына бөленген өнер иелері.
Бағдарламада әйгілі шетелдік және қазақстандық композиторлардың ариялары, дуэттері мен романстары орындалады.
Концертмейстері - нотаның әр үнін жүрекпен сезініп, мағыналы етіп жеткізетін шебер орындаушы, «Мәдениет саласының үздігі» Дина Мирманова.
Жан дүниеңізді әсем әуенмен тербетіп, өнердің шынайы ғажайыптарынан ләззат алыңыз. Солистердің сырлы дауыстары мен рояльдің үйлесімді керемет үні кеш қонақтарына ұмытылмас әсер сыйлайды.
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:

