97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

A'Studio Алматыда

Билет сатып алу

A’STUDIO ТОБЫНЫҢ КӨПТЕН КҮТКЕН ГАСТРОЛЬДІК САПАРЛАРЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА!

26 сәуір күні Алматы қаласының төрінде Республика сарайында әйгілі A’STUDIO тобы өнер көрсетпек!

Бұл концерттің бірегейлігі - араға бірнеше жылдар салып, топтың отан сахнасындағы алғашқы өнер көрсетуі болуында ғана емес, өнер иелерінің музыкалық шыңдарға өрлеуі дәл осы Республика сарайында басталғанын да атап өткен жөн.

Осынау айтулы кеште миллиондаған жүректерді жаулаған «Джулия», «Улетаю», «Папа, мама», «Так же как все» және т.б. сияқты әндер шырқалмақ. Сондай-ақ, музыканттар жанкүйерлерін жаңа әндерімен де тәнті етуге дайын. Әдеттегідей, тыңдармандарды жанды дыбыс, ерекше қуат, джаз, поп, рок, электро және латино жанрларын үйлестірген бірегей стиль күтуде.

A’STUDIO тобы өзіндік бірегей стильдерді қалыптастырып қана қоймай, алғаш музыкалық трендтерді салған өнерпаздар болған. Олардың заманауи музыкаға қосқан үлесі шексіз: A’STUDIO тобын үлгі-өнеге санап, олардың ізін қуған жас өнерпаздар үшін топ шабыт көзі де, қолдау нысаны да болып келеді. Ұжым музыкалық тәжірибелерге батыл барып, жаңа көкжиектерді аша біледі, онысымен өнер иелері бірнеше жылдар бойы ең көп сұранысқа ие әрі өзекті шығармашыл топтардың бірі болуда. 

Шығармашылық жылдар бойы A’STUDIO тобының абыройы музыка әлемінде нығайып, ал олардың музыкасы ұрпақтарды біріктіруші күшке айналды.

Келер концерт эмоцияларға, сүйікті әндерге, түп-тамырмен жолығу сиқырына көмкерілген ерекше ұмытылмас кеш болары кепіл.