97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

«Жігер» эстрадалық-джаз ансамблінің «Атамекенім» концерті

Билет сатып алу

23 қазан күні сағат 19.30-да «Жастар» Сарайында «Жігер» эстрадалық-джаз ансамблінің Қазақстан Республикасы күніне орай «Атамекенім» концерті өтеді. 

Концерттік бағдарламада қазақстандық композиторлар Шәмші Қалдаяқов, Ескендір Хасанғалиев, Төлеген Мұхамеджанов және Наджиб Вильдановтың эстрадалық туындылары, Сантана, Стив Уандер, Муслим Магамаев және т.б. өнер жұлдыздарының өткен жылдардың әйгілі хиттері шырқалатын болады. 

Сонымен қатар ансамбл әртістерінің авторлық әндері орындалады: Берик Козкин, Нурлыбек Закенов және Рустам Амиров. 

Кеш қонақтарына өз өнерлерін қуана паш ететін қонақтар: халықаралық байқаулардың лауреаты - Ермек Қасым, «PRIMA-VERA» модель агенттігі, Анастасия Нано, Дана Жусупова және Динара Оралбаева модельерлері, «TERRA» би театры. 

Ансамбьдің көркемдік жетекшісі - «Құрмет» орденінің иегері, халықаралық байқаулардың лауреаты, халықаралық джаз ассоциациясының мүшесі (Лос-Анжелес, Калифорния) - Рустам Амиров.