Көктемгі шай ыдысы. Қолдан жасау және бұйымдарды әрлеу
Назар аударыңыздар! Тіркелу үшін байланыс нөмірі билетте көрсетілген.
Саздан бірегей шай ыдысын жасайтын қызықты мастер-классқа қуана шақырамыз! Бұл курс тәжірибелі жандарға да, саз балшықтан бұйым жасауда өз күшін әлі сынап көрмегендерге де керемет таңдау болмақ. Керамика өнерінің әлеміне терең бойлап, сіздерді және жақындарыңызды қуантатын бұйымдарды жасаңыздар!
Сіздерді не күтуде:
Саз әлеміне саяхат: Терең кіріспеден бастайтын боламыз - саз түрлері, олардың құрамы мен мүмкіндіктері туралы айтып береміз. Саздан әртүрлі бұйымдарды қалай жасауға болатытын көрсетеміз.
Саздан мүсіндеу: біздің тәжірибелі шеберіміздің қарауымен сіздер қолмен мүсіндеудің техникасын үйренесіздер, шыны-аяқ пен оның тәрелкесін жасауды білесіздер, сіздің бұйымыңызды ерекшелендіретін ою-өрнектерді салып, әрлеу түрлерін үйренесіздер.
Шығармашылық еркіндік: Әрбір қатысушы өзі қалаған бұйымын жасап, өзіндік бірегей көзқарасына сай әрлей алады. Жасаған ыдысыңыз сіздің ішкі жан дүниеңізді таныстыратын зат болмақ.
Жағымды атмосфера: Мастер-класс шығармашылық қуатқа толы жайлы және достық ортада өтеді. Бұл пікірлестермен әңгімелесудің, идеялармен алмасудың және шығармашылық үдерістен ләззат алудың тамаша мүмкіндігі.
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:


