ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Ақтөбе
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Сол бір кез

Сол бір кез

Сипаттама

2025 жылдың 17 мамыр күні сағат 17:00-де Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залында «Сарыарқа» халық музыка ансамблінің Шәмші Қалдаяқовтің 95 жылдығына арналған «Сол бір кез» атты концерті өтеді.

Қазақ музыка өнерінің классигі, халық жүрегінен орын алған сазгер Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл толуына орай ұйымдастырылып отырған бұл кеш - қазақ эстрадасының алтын дәуірін жаңғыртып, Шәмші әуендеріне деген сағыныш пен құрметтің жарқын көрінісі болмақ. Сезімді сырлы сазбен өрген Шәмші әндері бүгінге дейін тыңдарман жүрегінен орын алып, ел руханиятының асыл қазынасына айналып отыр.

Концерт барысында композитордың мәңгілік мұраға айналған әндері заманауи орындаушылардың қатысуымен жаңаша өңделіп шырқалады. «Сарыарқа» халық музыка ансамблі кеш бойы әндерді ұлттық нақышпен сүйемелдеп, ерекше атмосфера сыйласа, «Әлем» заманауи би балеті сахналық көріністерді хореографиялық әсермен толықтыра түседі.

Елімізге белгілі өнер майталмандары Нұрай Танабаев, Арайлым Рахым, Светлана Айтбаева, Әкімхан Маженов, Шахризада Тыныштық, Майра Ильясова және тағы басқалары өнер көрсетеді. Олар әр әнді жүрекпен жеткізіп, көрерменді сағыныш пен шаттыққа, шабыт пен сезімге бөлейді.

Кеш шымылдығы «Шәмші әндерінен попурри» композициясымен ашылады. Бұл бөлімде тыңдарман сүйіп тыңдайтын «Ән аға», «Отырардағы той», «Теріскей» сияқты көңілді әндерден бастап, «Қайықта», «Сағынышым менің», «Ана туралы жыр» секілді лирикалық туындыларға дейінгі кең ауқымды репертуар қамтылады.

Сонымен қатар, Берік Омаров, Дарын Құдайберген және Ершат Қайырхан «Сен сұлу» әнін домбыра мен гитараның сүйемелімен ерекше форматта орындайды. Ал дәстүрлі бағыттағы «Құсни-Қорлан» туындысын Көркем Шолошова шеберлікпен жеткізеді.

Кеш бағдарламасына Шәмші Қалдаяқовтың түрлі көңіл күй мен мазмұнды қамтыған таңдаулы әндері енеді. Тыңдармандар «Шәмші әндерінен попурри», «Ән аға», «Отырардағы той», «Теріскей» сынды жарқын әрі көңілді туындыларды, сондай-ақ «Қайықта», «Сағынышым менің», «Ана туралы жыр», «Ақ маңдайлым», «Бақыт құшағында» секілді сырлы да нәзік лирикалық әндерді тыңдай алады. Сонымен қатар, «Құсни-Қорлан», «Түнгі оттар», «Арқалықтың ақ таңы», «Арыс жағасында», «Дүнген қызы», «Сен сұлу», «Талдықорған», «Құшақ жайған», «Ақ ерке - Ақжайық», «Шәмшіге арнау», «Студенттер әні» мен ел рухын асқақтатар «Менің Қазақстаным» әндері де көрерменге тарту етіледі.

Бұл кеш жай ғана концерт емес. Бұл Шәмші рухымен сырласу, жастықтың мөлдір сезіміне, Отанға деген махаббат пен ұлттық болмысқа бет бұру. Қазақ ән өнерін сүйетін көрермен үшін бұл жүрекке жақын, ерекше әсер мен ұмытылмас естелік сыйлайтын сәт болмақ.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Мемлекеттік академиялық филармония

  • Күні

    2025 жылғы 17 мамыр

  • Басталуы

    17:00

  • Ұзақтығы

    1 сағат 20 минут

  • Жас шектеуі

    7+

Freedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кешбэкFreedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кешбэк
Freedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кешбэк

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 17
    Мамыр
    Сенб
    Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залы
    Зал
    бастап 3000
    бастап 3000