ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Алматы
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Ыстық бұлақтар. Джама тур

Ыстық бұлақтар. Джама тур

Сипаттама

Назар аударыңыздар! Билет сатып алғаннан кейін орын тіркеу үшін тур-фирмаға қоңырау соғу керек.

Сапар жоспары:
1 күн

• 07:30 - жиналу, 08:00 жолға шығу.
• 10:00-10:30 - кафеде таңғы ас ішу (сапар бағасына кірмейді)
• 13:00 - демалыс орнына келу, орналасу, бос уақыт (шомылу, демалу)

2 күн (немесе 3 күн)
• 8:00-10:00 - таңғы ас («Мираж» демалыс орнына бару бағасына кіреді)
• 12:30 - Алматыға қарай жолға шығу
• 13:30-13:50 - санитарлы тоқтау
• 15:30-16:00 - кафеде түскі ас (сапар бағасына кірмейді)
• 18:00 - Алматыға келу

«МИРАЖ» ДЕМАЛЫС ОРНЫ

Бағасы: адам басына 19500 тг.

Аумақ: күзет қарауында, жақсы күтілген, аумақта шатырдың астындағы ашық бассейн, жабық бассейн, сондай-ақ шатырдың астындағы балалар бассейні, сырғанағы бар үлкен бассейн, төбешігі бар балалар бассейні, батуты бар балалар алаңы, әткеншектер, сауна, емдік ванналар, кафелер орналасқан

Орналастыру: барлық жағдайы қамтылған 2, 3, 4, 5, 6 адамға арналған нөмірлер бар.

Таңертеңгі сағат 08:00-ден 10:00-ге дейін таңғы ас (салат, нанмен май және шай, таңдау бойынша қуырылған жұмыртқа немесе ботқа). Түскі ас пен кешкі асқа ас мәзірі бойынша асханадан тапсырыс беруге болады. Бағалар қолайлы.


«Өмір-су» ДЕМАЛЫС ОРНЫ

Бағасы: адам басына 19500 тг.

Аумақ: күзет қарауында, жақсы күтілген, аумақта емдік суы бар 4 бассейн, балалар алаңы мен кафк орналасқан.

Орналастыру: барлық жағдайы қамтылған 1, 2, 3, 4 адамға арналған нөмірлер бар.

Сусындар мен тағамдарды кафедегі меню бойынша тапсырып беруге болады. Бағалар тиімді.

Ескерту:

5 жасқа толмаған балаларға сапар тегін, автобуста жеке орын берілмейді.

Балалар билеті 6 жастан 12 жасқа дейін саналады.

Билет бағасына кіреді: тасымалдау, орналастыру, барлық бассейндерді қолдану, шомылу, таңғы ас (Мираж демалыс орнында).

Өзіңізбен бірге не алу керексіздер: медициналық бетперделер, антисептик, құжаттар, шомылатын киім мен жабдықтар, орамал, халат пен резеңке-шәркей.

Қалай киінген жөн: жаяу жүргенге ыңғайлы аяқ киім, жеңіл күртеше, бас киім, күннен қорғайтын крем мен көзілдірік.

Барлық нөмірлерде бар:

• TV
• тоңазытқыш
• шай ішетін ыдыс
​• шифоньер
• душ, дәретхана, бет жуатын шұңғылша.

Қосымша ақылы қызметтер:

• бильярд
• Көктал, мангал орны.

Ескертулер:

Міндетті түрде өзіңізбен бірге болу керек: жеке бас куәлігі немесе төлқұжат (шетел азаматтары үшін көші-қон картасы).

Сондай-ақ брондау жасай отырып, сіз брондаудың күшін жою тәртібін, келмеген жағдайда қолданылатын ережелерді және барлық қосымша шарттар мен ережелерді (қызметтерді ұсыну) қабылдайсыз және олармен келісесіз.
72 сағаттан аз уақыт ішінде брондау тоқтатылған жағдайда сатып алынған билет сомасы қайтарылмайды. Кететiн күнi келмеген немесе брондау күшiн жойған жағдайда ақша қайтарылмайды.

БРОНДАУДЫ ТОҚТАТУ ЕРЕЖЕЛЕРІ:

- Тур басталғанға дейін 5 күн бұрын тоқтатылса, сатып алу сомасының 100% қайтарылады;
- Тур басталғанға дейін 3 күн бұрын тоқтатылса, сатып алу сомасының 50% қайтарылады;
- Тур басталғанға дейін 72 сағат бұрын тоқтатылса, сома қайтарылмайды.

Бізден тәуелсіз себептер бойынша тур тоқтатылған жағдайда, турды сол бағаға сәйкес басқа турға ауыстыруға болады немесе төленген соманың қайтарымы жүзеге асырылады.

Толық оқыңыз
  • Шығу орны

    Байтұрсынов к-сі 100, Абай даңғылы мен Сәтбаев көшелерінің арасы (Астана қонақ үйіне қарама-қарсы)

    Бөлісу:

    Кесте
    • Күні
      Өту орыны
      Аймақ
      Ересектерге
      Балаларға
    • 23
      Қараша
      ертең
      Ыстық сулар
      по Байтурсынова, между улицами Абая и Сатпаева, напротив отеля Астана
      бастап 19500 ₸
      бастап 19500 ₸