
Хосе Каррерас Алматыда
Сипаттама
Өтетін орны: Алматы қ., Almaty Arena
Күні: 28 маусым, 2025
Уақыты: 20:00
Жас шектеуі: 6+
Хосе Каррерас. Қоштасу туры.
Көрнекті испан теноры Хосе Каррерас әлемдік қоштасу турыаясында Қазақстанда екі концертін бермек. Кеш әйгілі испан дирижері Дэвид Хименес жетекшілік ететін Симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өтеді.
Хосе Каррерастың музыка әлеміндегі орны бір төбе. Барселонадатуған оның музыка мен әнге деген махаббаты жастайынан байқалған. Алғаш рет 8 жасында көптің алдында өнер көрсетті. Мансабын 1970 жылы Барселонадағы Үлкен Лисео театрында бастап, Монсеррат Кабальемен бірге «Норма» операсында өзінің алғашқы тенорлық партиясында дебют жасады. Кабалье жасәншінің талантын байқап, оны «Лукреция Борджианың» үлкен партиясын бірге шырқауға шақырды. Кейін ол Хосенің өнердегі қамқоршысынаайналды.
Ең танымал үш өнерпаздан құралған әйгілі «Үш тенордың» концерттері туралы әңгімелер ендігі аңызға айналып үлгерген. Хосе Карререс болмаса, ұжым қазіргідей бірегей болмас па еді?! Карререс бұл топта атағы мен дарыныөзінен бір мысқал да кем емес Пласидо Домингомен және Лучано Павароттимен өнер көрсетті.
Өтетін орны
Алматы қ., Almaty Arena
Күні
28 маусым, 2025
Уақыты
20:00
Жанр
концерт
Кесте
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 28МаусымСенбAlmaty Arenaбастап 10000 ₸бастап 10000 ₸