
«Ұлы Даланың Мұрасы» Astana Ballet Алматы қаласында
Сипаттама
«Ұлы Даланың Мұрасы» концерттік бағдарламасы - театрдың елімізде де, шетелде де өзіндік бетке ұстар туындысына айналған ерекше жоба. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Тати қойылымдарындағы нәзік те әсем әйелдер биі көрерменді бірден баурап, ерекше әсерге бөлейді. Би тілімен салынған қайталанбас өрнек, қимыл-қозғалыстағы шеберлік пен үйлесімділік, А.Татидің қойылымдарындағы бейнелеу мәдениеті - қазақ халық биінің асыл қазынасына айналған нағыз інжу-маржандар.
«Ұлы Даланың Мұрасы» бағдарламасы «Мәдениет пен өнер саласында мәдениетаралық және этносаралық бірлікті нығайтуға бағытталған үздік жұмыстар мен шығармалар» байқауында «Үздік концерттік бағдарлама» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған.
Өтетін орны
Алматы Қаласы, Алматы Театры, Әл-Фараби даңғылы., 30
Өтетін Күні
18 Мамыр
Жас шектеуі
5+
Қосымша
5 жастан асқан Балалар бөлек билет сатып алуы керек, 5 жасқа дейінгі балаларға кіруге тыйым салынады.
Жанр
балет
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 18МамырЖексГастрольная сцена Almaty Theatre - Astana BalletЗрительный залбастап 5000бастап 5000