ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Алматы
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
«Бір күні Гаванада» музыкалық-би драмалық қойылымы

«Бір күні Гаванада» музыкалық-би драмалық қойылымы

Сипаттама

TEATRO89 түрліжанрлы театры ұсынады:

«Бір кездері Гаванада» - бұл Қазақстан-Куба режиссері мен хореографы Фрэнк Вальдестің сценарийі бойынша жазылған авторлық музыкалық-би қойылымы, естеліктер туындысында сезімтал, жарқын әрі түрлі-түсті Кубаның бейнесі ерекше шертіледі.

Оқиға желісі бүкіл әлем бойынша кубалық және латын-американдық ырғақтардың көшбасшыларына айналған дарынды шығармашыл музыканттар туралы баяндайды.

Көп қырлы, шынайы және жарқын, уақыт пен мекен шектеуіне тайсалмайтын махаббаттың құдіреті туралы жарқын туынды. Арман туралы әңгіме. Ол армандарға орындалу бұйырған ба?

«Бір кездері Гаванада» - біз өмір сүріп жатқан елге, мәдениетке, уақытқа қарамастан әрқайсымыздың жанымызға жақын хикая. Арамыздағы айырмашылықтарды нұсқауды емес, шекарамыз алпауыт мұхит болғанына қарамастан, әрқайсымыздың бір-бірімізге ұқсастығымызды көрсетуді мақсат етеді.

Бұл үміт пен өз бойыңда, өз ортаңда, қоғамда әлдебір кетікті өзгертудің мүмкіндігі әрдайым бар екендігі және оны шағын әрі игі істе, осы жерде және дәл қазір, кідіріссіз жасау туралы баяндайтын хикая.

Қиындықтар, күмән, қорқыныш және сыртқы кедергілерге мойынсымай өз өмірімізді «құруға» ұмтылып, аяғымызды нық басқанда ғана біз:

«Өмірім түбегейлі өзгерді»

деп сеніммен айта аламыз.

Афиша: Алина Мурзагалиева

2023 жылдың 5 тамызында TEATRO89 театры ресми түрде ашылды.

Театрдың тең негізін қалаушылар және көркем жетекшілері - Франк Вальдес пен Галина Кирьян.

Бұл спектакльде Франк пен Галина басқа да дарынды әртістермен бірлесіп, бірге жасаушылар және басты кейіпкерлер ретінде өнер көрсетеді.

Қойылым сценарисі, қоюшы-режиссері және әртісі туралы:

Франк Вальдес - қазақстандық би режиссері-хореографы және кубаның тумасы, алматылық әртіс.

2005 жылы Кубаның Халық өнер мектебін кәсіби биші және хореограф мамандығы бойынша бітірген.

2007 жылы Ұлттық би академиясында Кубада би пәнінен сабақ бере бастады.

2009 жылдан бастап Франк Алматы қаласында тұрады және жұмыс істейді.

Jolda би театры үшін режиссердің авторлық пластикалық жұмыстары:

● «Пилигрим» спектаклі, 2021
● «Тыныс алу кілттері» спектаклі (Никита Подлобкомен бірге режиссура), 2022
● «Leila» спектаклі, 2022
● «Practica» кураторлық ағыны шеңберіндегі «Senseñ» спектаклі, 2022
● TEDx Astana үшін «Квант» спектаклі (А. Ғалимуллинмен, Ж. Төлендімен және Г. Кирьянмен бірге), 2023

TEATRO89 театры үшін авторлық жұмыстары:

● «Сәйкес келу» театрлық музыкалық-пластикалық жобасы - «Соңғы балықшы» және «Естеліктер» спектакльдері, 2023
● «Соңғы балықшы» толық метражды спектаклі, 2023

FVDS би студиясына арналған жұмыстар:

● «Зоркие сердцем» авторлық балалар би спектаклі, 2024

Спектакльдің басты актрисасы туралы:

Галина Кирьян - алматылық әнші актриса және креативті продюсер.

Галина КИМЭП университетінде әлеуметтік ғылымдар бакалавры және халықаралық қатынастар магистрі дәрежесін алды.

Перформативтік өнер саласында көп жылдық тәжірибесі бар.

Көпшілік алдында өнер көрсету мен сахналық қызметтің 24 жылдық тәжірибесі.

KELT ағылшын тілді театрында 22 жыл: актриса және режиссер.

Ruby Jasper триосының вокалисті.

2019 жылы ол Бродвей тобына қабылданды және АҚШ-тың PK консулдығының қолдауымен Yes Academy/American Voices бірінші жобасына қатысты.

KELT театрындағы рөлдердің арасында:

● 3 қысқа метражды қойылым;
● 5 драмалық спектакль;
● театр турын ұйымдастыру және қатысу, 2006
● 7 музыкалық қойылым (3 Бродвей). Олардың арасында Бродвейдегі Лицензияланған «Золушка» мюзикліндегі Фея-Крестная рөлі, 2017
Jolda би театрының жобаларына қатысты:

● «Тыныс алу кілттері», 2022
● «Leila», 2022
● «Practica», 2022
● «Adam Zholy», 2023
● TEDx Astana үшін «Квант», 2023

Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайындағы «ЕСІКТЕН ТЫС» жобасы:

● Татьяна Ким мен Анатолий О авторларының «Бес мың жастамын» иммерсивті қойылымы, 2022

● TEATRO89 арналған жұмыстарға қатысуы:

● «Сәйкес келу» театрлық музыкалық-пластикалық жобасы - «Естеліктер» спектаклі, 2023

Толық оқыңыз
  • Мекен-жайы

    Алматы қ., «Өркен», Абдуллин к-сі, 38

  • Күні

    30 қараша 2024

  • Уақыты

    19:00

  • Ұзақтығы

    үзіліссіз 80 минут 

  • Жас шектеуі

    16+

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 30
    Қараша
    Сенб
    Театр-студия «Оркен»
    Зал
    бастап 8000 ₸
    бастап 8000 ₸