97 адам соңғы сағат ішінде олар осы нысанның оқиғаларына қызығушылық танытты.
Кеген ауданының тарихи-өлкетану мұражайы
Мекен-жайы: Райымбек ауданы, Кеген ауылы, Қонаев көш., 77
Жұмыс уақыты: Жұмыс күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін
1987 жылдан бастап мұражай тарихи-этнографиялық қызмет атқарған.
2011 жылдың 25 қаңтарынан бастап Алматы облыстық әкімдігінің №18 қаулысымен Райымбек аудандық тарихи-өлкетану мұражайы болып өзгертілген.
Мұражай профилі - кешенді.
Мақсаты - өлкенің өткені мен бүгінінің тарихын зерттеу, жинақтау, сақтау және насихаттау.
Жалпы ауданы - 280,5 ш.м.
Қазіргі уақытта мұражай қорында 1856 мұражай құндылығы бар, оның негізгі қоры - 1675 бірлік, ғылыми қосалқы қоры - 181 бірлік.
Мұражай экспозициясы төрт залда ұсынылған:
- табиғат
- археология
- Кеңестік кезең
- тәуелсіздік