
Көктемгі аккордтар
Сипаттама
Ғ. Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті квартеттің концерті
2025 жылғы 13 сәуірде Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті квартеті «Аккорды весны» концертін ұсынады. Концерт Абай даңғылы, 29 мекенжайы бойынша филармонияның камералық залында өтеді. Басталуы сағат 17.00-де.
Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті барлық классикалық өнерді сүйетін тыңдармандарды камералық музыка атмосферасынан ләззат алуға шақырады. Бұл концертте көрермендер әлемдік классикалық музыканың жауһарларымен қатар, қазақ композиторы Қуат Шілдебаевтың заманауи туындысымен танысады. Бағдарламада Людвиг ван Бетховеннің №11 квартеті (опус 95), Пётр Ильич Чайковскийдің №1 квартеті (опус 11) және Қуат Шілдебаевтың «Ішекті квартеті» орындалады.
Концертте әр дәуірдің және әр стильдің ерекшеліктері көрініс табады. Бетховеннің «Serioso» атауымен белгілі №11 квартеті терең эмоционалды күйзелістер мен эксперименталды тәсілдерді бейнелейді. Чайковскийдің №1 квартеті романтикалық лиризм мен халық әуендерінің үйлесімін көрсетеді. Ал, Қуат Шілдебаевтың «Ішекті квартеті» қазақ музыкасының қазіргі дамуын, ұлттық дәстүрлер мен заманауи музыкалық тенденциялардың үйлесімін көрсетеді. Бұл туындылар әрқайсысы өз дәуірінің, композитордың жеке көзқарасы мен әлеуметтік жағдайларын, сондай-ақ музыкалық жанрдың кең мүмкіндіктерін көрсетеді. Оларды зерттеу мен тыңдау классикалық және заманауи музыка әуесқойлары үшін де, музыкалық зерттеушілер үшін де үлкен мағына береді.
Ғ. Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті квартет Қазақстанның көрнекті камералық ансамблі, халықаралық байқаулардың лауреаты, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының, «Ерен еңбегі үшін» үкіметтік наградасының иегері.
Ұжымның көркемдік жетекшісі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мыңтаев.
Квартет құрамында:
Айдар Тоқталиев бірінші скрипка
Алексей Лебедев екінші скрипка
Бекзат Сайлаубайұлы альт
Ернар Мыңтаев виолончель
Концерт классикалық музыканың тереңдігі мен әсемдігін паш етіп, тыңдармандарға түрлі дәуірлер мен стильдердің гармониясын танытады. Бұл музыкалық кеш көктемнің жаңа аккордтарын сезініп, ерекше эмоциялар мен әсерлерге толы болады.
Өтетін орны
Астана қ., Мемлекеттік академиялық филармонияның камералық залы. Е. Рахмадиева
Күні
11 сәуір 2025 жыл
Басталуы
19: 00
Ұзақтығы
1 сағат 20 минут
Жас шектеуі
7+
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 13СәуірбүгінГосударственная академическая филармония имени Еркегали Рахмадиева, Камерный залКамерный залбастап 3000 ₸бастап 3000 ₸