ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Астана
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
АЛТЫН ҚОР-БИ ҚАЗЫНАСЫ

АЛТЫН ҚОР-БИ ҚАЗЫНАСЫ

Сипаттама

Қазақ халық биі мен халық музыка ансамблінің үндестігі

26 қазан күні Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының «Шалқыма» халық би ансамблі «Алтын қор-би қазынасы» атты концертін ұсынады. Кеш ҚР қарулы күштерінің ұлттық әскери патриоттық орталығында өтеді. Басталуы 17.00 де.

Бұл кеш ұлттық мәдениетіміздің ең бай әрі көрнекті қазыналарын дәріптейтін маңызды мәдени шара болмақ. Оған еліміздің үздік әртістері мен өнер қайраткерлері қатысып, қазақ халқының би және музыка өнерінің озық үлгілерін ұсынады. Концерт көрермендерді халқымыздың мәдени мұрасының алтын қорына саяхат жасатып, қазақтың биі мен күйінің ерекше үндестігін таныстырады. Әр шығармада ұлттық би дәстүрінің керемет шеберлігі мен композиторлардың төл туындыларының үйлесімділігі айқын көрініс табады.

Концерт бағдарламасына халқымыздың атақты композиторларының шығармалары мен ұлттық билері енген. «Құрманғазы», «Сүгір», «Тәттімбет», Нұрғиса Тілендиев, Кенжебек Күмісбеков сынды ұлы тұлғалардың күйлері «Шалқыма» халық би ансамблі мен «Сарыарқа» халық музыка ансамблінің шебер орындауында көрермен назарына ұсынылады. Концерттегі би нөмірлерін қоюшы шеберлер Қазақ ССР халық артисі Шара Жиенқұлова, ҚР халық артисі Зауырбек Райбаев, ҚР еңбек сіңірген артисі Жанат Байдаралин және басқа да танымал хореографтар. Олар әр шығарманың терең философиясын, ұлттық би өнерінің сұлулығы мен үйлесімін көрерменге жеткізеді.

Бұл концерт қазақ мәдениетінің байлығы мен сұлулығын дәріптеп, халқымыздың рухани мұрасының мән-маңызын ашуға бағытталған. «Алтын қор би қазынасы» жобасы қазақтың би және күй өнерін бір сахнада үндестіру арқылы ұлттық мұраны заманауи көрермендерге жақын етіп жеткізеді. Осылайша, қазақ мәдениетінің көпқырлы және бай мұрасына деген қызығушылықты арттырып, өскелең ұрпақты ұлттық өнерге баулуға мүмкіндік береді.

Барлық өнер сүйер қауымды ұлттық өнеріміздің әсемдігін сезінуге және қазақ биі мен күйінің баға жетпес құндылығын тануға шақырамыз!

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының концерт залы

  • Күні

    26 қазан, 2024 жыл

  • Басталуы

    17: 00

  • Ұзақтығы

    1 сағат 20 минут

    Бөлісу:

    Кесте
    • Күні
      Өту орыны
      Аймақ
      Ересектерге
      Балаларға
    • 26
      Қазан
      Сенб
      Концертный зал Национального военно-патриотического центра Вооруженных сил РК
      Зал
      бастап 2500 ₸
      бастап 2500 ₸