ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Астана
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Асыл қазына

Асыл қазына

Сипаттама

9 наурыз күні Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясы Қазақ оркестрінің артисі, I-ші сымқобыз тобының концертмейстері, Мәдениет саласының үздігі, Ботагөз Ташимованың жеке концертін ұсынады. Концерт бағдарламасы әр алуан. Кешті қазақ музыкасының классигі Ахмет Жұбановтың «Вальсі» ашып, Мұқан Төлебаевтың «Поэмасы» мен Йоганнес Брамстың әйгілі «Венгер биі» орындалады. Сергей Рахманиновтың «Романсы» мен Дмитрий Шостаковичтің «2 скрипкаға арналған 5 пьесасы» да кештің көркін аша түспек.

Отандық композиторлардың шығармалары да кештің шырайын аша түседі. Арман Жайымның «Күй дастан» фантазиясы қобыз бен заманауи музыканың үндестігін көрсетсе, Нұр Дәуітовтың «Қыздар биі» қобызшылар ансамблінің орындауында тыңдарманды ұлттық әуезге жетелейді.

Концертте концертмейстер Анар Межкенова, сондай-ақ халықаралық байқаулардың лауреаттары Арайлым Тұрмағанбетова мен Алина Әуесхан, сонымен қатар өнер Қазақ ұлттық өнер университетінің ұстазы, сырнайшы Толқынхан Самғар өнер көрсетеді. Музыкалық мұраның асыл қазынасын паш ететін бұл концерт көпшілік үшін ерекше әсерге толы кеш болары сөзсіз. Классикалық және заманауи шығармалардың бір сахнада тоғысуы тыңдарманға рухани ләззат сыйлап, қобыз өнерінің терең сырларына үңілуге мүмкіндік береді.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., филармонияның камералық залы. Абай, 29

  • Күні

    9 наурыз 2025

  • Басталуы

    17:00

  • Ұзақтығы

    1 сағат 30 минут

  • Жас шектеуі

    7+

Freedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кэшбэкFreedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кэшбэк
Freedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кэшбэк

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 9
    Наурыз
    Жекс
    Государственная академическая филармония имени Еркегали Рахмадиева, Камерный зал
    Камерный зал
    бастап 3000 ₸
    бастап 3000 ₸