ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Астана
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
«БІЗДІҢ ЖӘРМЕҢКЕ» - ұлттық өнер мерекесі

«БІЗДІҢ ЖӘРМЕҢКЕ» - ұлттық өнер мерекесі

Сипаттама

«БІЗДІҢ ЖӘРМЕҢКЕ» - ұлттық өнер мерекесі

20-21 наурыз күндері Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы «Біздің жәрмеңке» - ұлттық өнер мерекесін тамшалауға шақырады.

Қазақконцерттің «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығы көрермен назарына Қоянды, Көкжар, Қараөткел сынды тағылымы мол тарихи жәрмеңкелерді жаңғыртқан, дәстүрлі өнердің барлық тұстарын қамтыған жаңа форматтағы думанды кеш ұсынады.

Концерттің ерекшелігі неде?

- қазақтың ұлттық өнері, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын дәріптеу және насихаттау:

- бұрын-соңды орындалмаған 30-ға жуық халық әндері мен халық композиторларының ізімен жарыққа шыққан заманауи шығармалар;

- бұл концерттің ерекшелігі - сол жаңа әндердің шырқалуы;

- жаңа хореографиялық нөмірлер мен виртуоздық орындаулар;

- қазақтың дәстүрлі өнері мен заманауи элементтердің бірегей синтезі;

- этнографиялық-шоу концерт.

Концерт қандай форматта өтеді?

- ұлттық өнер мерекесі екі күн бойы әр түрлі форматта өтеді;

- жаңашыл этно-фьюжн бағыттағы шығармалар көрермендер назарына ұсынылады.

Іс-шараға кімдер қатысады?

1 күн:

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері: Жанғали Жүзбай, Құмарбек Қалқатай, Раушан Оразбай, Клара Төленбаева, Елмұра Жаңаберген;

Мәдениет қайраткерлері: Толғанбай Сембаев, Ерболат Шалдыбеков;

Мәдениет саласының үздігі: Еділ Басығара, Перизат Тұрарова;

Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары: Аяулым Қамажан, Венера Табыс, Нұрбану Жүртекина, Дария Бекпенбетова.

2 күн:

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері: Айгүл Елшібаева, Ардақ Балажанова, Медет Салық, Айзат Қарабек, Нұрболат Арзамасұлы;

Мәдениет саласының үздігі: Мақсат Медеубек;

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары: Ардақ Елеусіз, Күнсұлу Түрікпен;

Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары: Дінисламбек Жайлаубай, Айдос Саниязбекұлы, Тоғжан Үмбет, Ақерке Тәжібаева, Қайрат Айтбаев, Бауыржан Мұхаметбай, Жанту Дадабаев.

Қазақконцерт сахнасындағы ұлтымыздың ұлы мұрасы ұлықталатын бірегей шарадан қапы қалмаңыз!

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., Мәңгілік ел, 10/1, «QAZAQSTAN» ОКЗ

  • Күні

    2025 жылғы 20, 21 наурыз

  • Басталуы

    19:00

  • Жанр

    фольклорлық музыка

  • Тұрақ

    бар

Freedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кэшбэкFreedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кэшбэк
Freedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кэшбэк

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 20
    Наурыз
    Бейс
    QAZAQCONCERT
    Концертный зал
    бастап 1500 ₸
    бастап 1500 ₸
  • 21
    Наурыз
    Жұм
    QAZAQCONCERT
    Концертный зал
    бастап 2000 ₸
    бастап 2000 ₸