
ДОСТЫҚ САЗЫ
Сипаттама
21 наурыз күні Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының Қазақ оркестрі «Достық сазы» атты мерекелік концертін ұсынады. Бұл кеш Ынтымақ күніне орай ұйымдастырылып, Қазақстан халқының бірлігі мен достығын дәріптеу мақсатында өтеді. ҚР Ұлттық ұлан әскери патриоттық орталығы ,басталуы 17.00
Наурыз жаңа өмірдің бастауы, жаңару мен бірліктің символы. Осы мерекеге орайластырылған концерттік бағдарламада қазақтың дәстүрлі күйлерімен қатар, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Башқұртстан, Румыния, Грузия және Молдова халықтарының музыкалық шығармалары орындалады. Әрбір туынды халықтар достығының, мәдениеттер сабақтастығының көрінісі болмақ.
Концерт бағдарламасы бірнеше бөлімнен тұрады. Кеш Түркештің «Көңілашар» күйімен басталып, қазақтың атақты композиторлары Құрманғазы, Тәттімбет, Нұрғиса Тілендиев, Қазанғап сынды өнер иелерінің шығармаларымен жалғасады. Сонымен қатар, түрік, румын, молдован, грузин және басқа да халықтардың әуендері қазақ оркестрінің орындауында жаңаша сипат алады.
Бұл кештің ерекше сәттерінің бірі Арам Хачатурянның «Қылышпен билеу» туындысы.Әлемдік классиканың алтын қорына енген «Қылышпен билеу» қуат пен екпіннің, батылдық пен рухтың символы. 1942 жылы жазылған «Гаянэ» балетінің ең жарқын бөлігі ретінде тарихта қалған бұл шығарма сахнада қылыштарын жарқыратып, шайқасқа дайын тұрған жауынгерлердің бейнесін көз алдымызға елестетеді.Хачатурянның бұл туындысы әлемнің көптеген елдерінің оркестрлерінің репертуарынан ойып орын алған. Оның қарқынды ырғағы, өткір аккордтары мен динамикалық шарықтауы тыңдарманды өзіне баурап, ерекше әсер қалдырады. Қазақ оркестрінің орындауында бұл шығарма жаңа бояуға ие болып, көрермендерді ерекше эмоциялық күйге бөлейді.
Ұжымның көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, профессор Айтқали Жайымов, дирижер ҚР мәдениет қайраткері Нұрлан Бекенов. Қазақ оркестрінің кәсіби орындаушылары мен халықаралық байқаулардың лауреаттары бұл кешті жоғары деңгейде өткізуге атсалысады.
«Достық сазы» концерті Наурыз мейрамын мерекелеу аясындағы ерекше мәдени шара. Көрермендер қазақ оркестрінің орындауындағы ұлттық және әлем халықтарының музыкалық жауһарларын тыңдап, өнердің ұлы күшін сезінуге мүмкіндік алады.
Өтетін орны
Астана қ., ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының концерт залы
Күні
21 наурыз 2025 жыл
Басталуы
17:00
Ұзақтығы
1 сағат 20 минут
Жас шектеуі
7+
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 21НаурызЖұмКонцертный зал Национального военно-патриотического центра Вооруженных сил РКЗалбастап 3000 ₸бастап 3000 ₸