
«GULDER» - 55 ЖЫЛ
Сипаттама
Қазақконцерт сіздерді аты аңызға айналған «GULDER» ансамблінің 55 жылдық мерейтойына арналған гала-концертіне шақырады!
Бұл кеш - ұзақ жылдар бойы төрткүл дүниеге қазақ мәдениетін паш етіп келе жатқан ұжымның рухы мен философиясын бейнелейтін нәзіктік пен дәстүр және өнер мерекесі!
КОНЦЕРТ БАҒДАРЛАМАСЫНДА:
- Арнайы әзірленген эксклюзивті аспаптық-хореографиялық қойылымдар;
- Ұжым тарихының жаңа кезеңге қадамын айшықтайтын, ансамбльдің жаңғыруы мен жаңаруының символы іспеттес жаңа ерекше қойылым - жаңа хореографиялық композицияның премьерасы;
- Жаңа авторлық әндер және танымал әртістермен ұтымды коллаборациялық бағдарлама;
- Дәстүр мен жаңашылдықтың үздік үйлесімі - классикалық сахналық өнердің жаңа интерпретациясы;
- Ұрпақ сабақтастығы - аңызға айналған әртістер мен жас дарындардың бір сахнада өнер көрсетуі.
КОНЦЕРТ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ:
- Қазақстанның халық әртісі, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Роза Рымбаева;
- Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айжан Нұрмағамбетова;
- Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Елшібаева;
- «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары Әлібек Әлмадиев және Әділхан Макин;
- Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Мәди Рымбаев, Қуандық Шалқар және Меруерт Бахыт;
- «Астана сазы» казақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі;
- «Astana musical» мемлекеттік театры;
- «TURAN» этно-фольклорлық ансамблі;
- «Самға» тобы.
КЕШТІҢ АРНАЙЫ ҚОНАҚТАРЫ:
Белгілі қазақстандық әншілер Жанар Дұғалова, ARO және танымал қазақстандық қобызшы Олжас Құрманбек мерейтойлық концертте көрермендер үшін арнайы өнер көрсетіп, кешіміздің көркін қыздырмақ!
Аңызға айналған ұжымның жаңа кезеңге қадам басар тарихи сәтін жіберіп алмаңыз!
Өтетін орны
Астана қ., Мәңгілік ел, 10/1, «QAZAQSTAN» ОКЗ
Күні
2025 жылғы 1 наурыз
Басталуы
18: 00
Жанр
концерт
Тұрақ
бар
Жас шектеуі
6+
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 1НаурызСенбQAZAQCONCERTКонцертный залбастап 5000 ₸бастап 5000 ₸