ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Астана
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
КЛАССИКАЛЫҚ МУЗЫКА КЕШІ

КЛАССИКАЛЫҚ МУЗЫКА КЕШІ

Сипаттама

Ұлы музыка өнері. Виртуозды орындау. Дәл осындай тамаша кештің куәсі болыңыз!

Қазақконцерт сіздерді Қазақстанның мемлекеттік симфониялық оркестрінің ерекше музыкалық кешіне шақырады!

Концерттік бағдарламада Еуропаның музыкалық академияларында жоғары бағаланған итальяндық скрипкашы Давиде Алоньяның виртуозды орындауы ерекше атмосфера қалыптастырып, Моцарт пен Бетховеннің өміршең жауһар туындылары орындалады. Әлемдік сахналарда танымал болған ол Итальяның ең үздік скрипкашыларының бірі, Наталия Гутман, Элисо Вирсаладзе, Бруно Канино, Джеффри Сван, Энрико Паче, Роберто Проседа секілді ұлы музыканттармен бір сахнада өнер көрсетті. Маэстро Джулиано Карминьола оны «таңғажайып талант» деп атап өтті, сондай-ақ ол, Сиенадағы Чигиана академиясының арнайы сыйлығымен марапатталды.

Кештің дирижері - маэстро Бахытжан Мусаходжаева, оның шығарманы интерпретациялау тәсілі әрқашан музыка сүйер қауымды таңқалдыруда.

Кеш бағдарламасы:

В. А. Моцарт. Симфония №40

Л. Бетховен. Оркестрге арналған ре мажор концерті, Op. 6

Неліктен бұл кешті өткізіп алмау керек?

Қазақстанда тек бір ғана концерті - Давиде Алоньяның эксклюзивті өнер көрсетуі! Сіздерді симфониялық оркестрдің жанды музыкалары күтуде, оны ешқандай жазба алмастыра алмайды. Бұл кеште жүректі тербейтін музыка: Бетховеннің өнерге деген құштарлығы мен күш-қуаты, Моцарттың нәзік және терең шығармашылығы - бәрі бір сахнада ұмытылмас әсер қалдырады!

Виртуоз музыкант Давиде Алоньяның орындауында ұлы композиторлардың шығармаларын тыңдау мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., Мәңгілік ел, 10/1, «QAZAQSTAN» ОКЗ

  • Күні

    14 наурыз 2025 жыл

  • Басталуы

    19:00

  • Жанр

    концерт

  • Тұрақ

    бар

  • Жас шектеуі

    6+

Freedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кэшбэкFreedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кэшбэк
Freedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кэшбэк

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 14
    Наурыз
    Жұм
    QAZAQCONCERT
    Концертный зал
    бастап 1000 ₸
    бастап 1000 ₸