ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Астана
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Күй атасы - Құрманғазы

Күй атасы - Құрманғазы

Сипаттама

14 ақпан күні Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының Қазақ оркестрі «Күй атасы-Құрманғазы» атты кеш ұсынады. Концерт филармония концерт залында, сағат 19.00-де басталады.

Құрманғазының асқақ та жігерлі күйлері еркіндікті ұнататын халқымыздың жарқын көрінісі. Оның музыкалары халқымыздың даласындай кең, ауқымдылығы теңіздей терең.

Көркемдігі мен асқан орындау шеберлігі қазақтың күй өнеріндегі ұлы жаңалық, ұлтымыздың асыл қазынасы Құрманғазы қазақ музыкасының тарихына аңызға айналған тұлға ретінде енді. Музыкант бала кезінен алғырлығымен, өткір тілімен ерекшеленіп, қос ішекті домбыраны жанынан тастамады. Оның орындаушылық шеберлігіне Ұлы дала тәнті болды. Оның күйлерінде туған жерге деген сүйіспеншілік, заманының бейнесі суреттеледі. Ұлтының ұлы мінезін бойына сіңіріп өскен болмысы бөлек, дүниетанымы кең, тәуелсіздікке ұмтылған Құрманғазы қазақ елінің азаттығын, еркіндігін аңсап өткен. Оның шығармаларында терең философия, замандастары мен ұрпақтарына мол тағылым, рухани құдірет бар.

Концертте бабаның ел, жер тағдыры туралы толғанысқа толы күйлерін Қазақ оркестрі және оркестрдің жеке күйшілері орындайды.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, профессор Айтқали Жайымов жетекшілік ететін қазақ оркестрі еске алу шараларының қатарына қосылады.«Күй атасы Құрманғазы» кешінде Құрманғазының «Ақбай», «Серпер», «Сарыарқа», «Балбырауын», «Алатау», «Көк ала ат» т.б күйлері орындалады.

«Балбырауын» Құрманғазының асыл мұраларының бірі. Бұл күйді О.Қабиғожин орындаған. Күй от жалындай қызу мен дүрілдеген екпінге, делебеңді қоздыратын жігерге толы. "Балбырауын" күйін 1936 жылы композитор Брусиловкий «Ер Тарғын» операсының финалында қырық кісі орындаған биге музыка етіп пайдаланды. Кейін өзінің «Сарыарқа» атты симфония-сюитасында «Скерцо» бөлімі етіп енгізді.

Серпер - қаншама иілтсе де, қаншама еңсесін басса да сынбайтын, мойымайтын, қайта серпіп, бұрынғы қалпына келе беретін, болаттай берік, халықтың қайыспас ерекше ерлігіне арналған шығарма.

Концертке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Анар Мұздаханова, Мәдениет саласының үздігі Әсел Алина, республикалық байқаулардың лауреаттары Дарын Құдайберген, Мейірбек Әзімбаев қатысады. Дирижер Мәдениет қайраткері Нұрлан Бекенов.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония МКҚК

  • Күні

    14 ақпан 2025 жыл

  • Уақыты

    19: 00

  • Жанр

    концерт

  • Ұзақтығы

    1 сағат 20 минут 

  • Жас шектеуі

    +7 жас

Freedom Bank клиенттеріне 17%-дан бастап кешбэкFreedom Bank клиенттеріне 17%-дан бастап кешбэк
Freedom Bank клиенттеріне 17%-дан бастап кешбэк

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 14
    Ақпан
    Жұм
    Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залы
    Зал
    бастап 3000 ₸
    бастап 3000 ₸