
ҰЛТ АСПАПТАР ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ
Сипаттама
1 наурыз күні сағат 15:00-де Астана қаласы әкімдігінің Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының камералық залында ұлттық өнер мен мәдениетке арналған «Сарыарқа» халық музыка ансамблінің «Ұлт аспаптар әлеміне саяхат» атты лекция концерт өтеді.
Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптары бай мәдени мұрамыздың ажырамас бөлігі. Олар халқымыздың рухани әлемін, тұрмыс-тіршілігін және өнерін бейнелейді.
Бұл шара көрермендерді қазақтың бай музыкалық мұрасы мен ұлттық аспаптарының шежіресіне үңілдіреді. Кеш барысында домбыра, қобыз, жетіген, сырнай сияқты қазақтың көне аспаптарының ерекше үнімен қатар, басқа да түркі халықтарының музыкалық дәстүрлерімен танысасыздар.
Бағдарламаның ерекшеліктері:
• Қазақтың халық күйлері мен заманауи шығармалар;
• Ұлттық аспаптардың тарихы мен олардың жасалу ерекшеліктері туралы қызықты ақпараттар;
Мұндай шараларға мектеп оқушылары, студенттер және жалпы музыка сүйер қауым қатыса алады. Кейбір лекция-концерттер интерактивті форматта өткізіліп, қатысушыларға аспаптарда ойнап көру мүмкіндігі беріледі.
Лекция-концерттер ұлттық музыкалық аспаптарды таныстыру мен насихаттауда маңызды рөл атқарады.
«Ұлт аспаптар әлеміне саяхат» бұл ұлттық музыканың тереңдігін сезінуге, мәдени мұраға құрмет көрсетуге және халқымыздың рухани байлығын тануға мүмкіндік беретін ерекше шара.
Өтетін орны
Астана қ., филармонияның камералық залы, Абай к-сі, 29
Күні
1 наурыз 2025 жыл
Басталуы
15: 00
Ұзақтығы
1 сағат 30 минут
Жас шектеуі
7+
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 1НаурызСенбГосударственная академическая филармония имени Еркегали Рахмадиева, Камерный залКамерный залбастап 1000 ₸бастап 1000 ₸