ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Астана
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Морис Равельдің 150 жылдығына арналған «симфониялық телепортациялар»

Морис Равельдің 150 жылдығына арналған «симфониялық телепортациялар»

Сипаттама

Симфониялық музыка әуесқойлары мен бағалаушыларына!

15 наурызда ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының (Республика даңғылы, 2) концерт залында Симфониялық оркестрдің композитор Морис Равельдің 150 жылдығына арналған «Симфониялық телепортациялар» топтамасынан концерті өтеді. Басталуы сағат 18.00-де.

Кеш бағдарламасында француз музыкасының жауһарлары орындалады.

Француз импрессионист композиторы Морис Равельдің туғанына 150 жыл толуына орай композитордың екі шығармасы орындалады. «Павана на смерть инфанты» симфониялық поэмасы жас композиторды әлемге танытқан алғашқы шығармасы. Композиция таңқаларлық нәзік, қайғылы лирикаға толы музыканың арқасында ғана емес, сонымен қатар қызықты атауының арқасында танымал болды. Концерт бағдарламасында орындалатын екінші шығарма әйгілі «Болеро» композитордың биші Ида Рубинштейннің тапсырысымен жазған соңғы және ең танымал симфониялық туындысы. «Болеро» кеңейтілген оркестрлік шығарма ретінде әлемдегі ең танымал дирижерлердің репертуарына кеңінен енгізілді.

Сонымен қатар, елордалық тыңдармандарға тағы бір француз композиторы Камиль Сен-Санстың симфониялық шығармашылығы ұсынылады. Оркестрдің орындауында «Пляска смерти» симфониялық поэмасы (фр. Danse macabre) оp.40К. және Оркестрмен скрипкаға арналған си минор концерті, ор.61. орындалады.

Оркестрмен скрипкаға арналған № 3 концерті нәзік драмалық лириканың тамаша үлгісі. Пабло де Сарасате үшін арнайы жазылған концерт, солист үшін техникалық күрделілігімен ерекшеленеді, соған қарамастан, виртуоздық пассаждар қысқа уақыттармен ауысып, пасторальдық тыныштықпен толықтырылады. Солист ретінде халықаралық байқаулардың лауреаты Галия Жарова өнер көрсетеді.

Галия Жарова «Виртуозы Москвы» мемлекеттік камералық оркестрінің әртісі. Алматы қаласының тумасы. Скрипкада ойнауды 5 жасында К.Байсейітова атындағы Республикалық музыкалық мектепте профессор С.А. Абдусадыкованың сыныбында бастаған. Кейіннен педагог Р.К. Мұсахаджаева мен Т.П. Долженко сыныптарында білім алған. Мәскеу консерваториясының Орталық музыкалық мектебін (2010), П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын (2015) үздік дипломмен аяқтады, кейіннен Мәскеу консерваториясында ассистентура- тағылымдамадан (профессор Александр Винницкий сыныбы) өтті. Максим Федотов, Виктор Третьяков, Владимир Спиваков, Уилфрид Штрелле, Мари Темпери-Безродная секілді танымал музыканттардың шеберлік сағаттарына қатысқан.

Солист ретінде Мариус Стравинский, Эдуард Грач, Фабио Мастранджело және басқа да дирижерлердің басқаруымен, сондай-ақ ресейлік және шетелдік танымал ұжымдармен өнер көрсеткен, оның ішінде Ресейдің Е.Ф. Светланов атындағы Мемлекеттік оркестрі, Калининград симфониялық оркестрі, Якутия филармониясының Symphonica ARTica мемлекеттік симфониялық оркестрі, Л.В. Николаев атындағы Ресей жасөспірімдер симфониялық оркестрі, «Времена года», «Московия» камералық оркестрлері, Турку филармониялық оркестрі (Финляндия), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі, Беларусь Республикасы Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі және т.б. бар.

Скрипкашының репертуарында бароккодан заманауи музыкаға дейінгі әртүрлі дәуірлер мен стильдер бар.

Филармония симфониялық оркестрімен бірге жоғары классикалық өнердің таңғажайып әрі шексіз әлемін ашыңыз!

Көркемдік жетекші Қазақстанның Халық әртісі Абзал Мұхитдин.

Бас дирижер «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Қалқаман Дүйсембаев.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының концерт залы

  • Күні

    15 наурыз, 2025 жыл

  • Басталуы

    18: 00

  • Ұзақтығы

    1 сағат 20 минут

  • Жас шектеуі

    7+

Freedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кэшбэкFreedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кэшбэк
Freedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кэшбэк

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 15
    Наурыз
    Сенб
    Концертный зал Национального военно-патриотического центра Вооруженных сил РК
    Зал
    бастап 3000 ₸
    бастап 3000 ₸