Jigitter Өскемен қаласында
Сипаттама
Өтетін орны: Өскемен қ. Ертіс концерт залы
Күні: 21 қараша
Басталуы: 19:00
Әртістер: Жігіттер тобы
Тұрақ: бар
Ұзақтығы: 2 сағат
Жас шектеуі: 5+
Өнердегі ұстаздары Әбдіхан Нұрмағанбетовтың жетекшілігімен республикалық Арай-2003 байқауына қатысып, бас жүлдеге ие болды. Ел жүрегінен кең орын алған «Ерке қыз» әніне бейнебаян түсіріліп, оңтүстіктің шымыр жігіттері өнер ордасы - Алматы қаласына келді. Продюсері - Ерғали Әбдірайымовтың көмегімен үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, өз өнерлерін Алматы қаласында әлі күнге дейін жалғастырып келуде.
Топ құрамы: Айдар Байжанов, Бағлан Әбдірайымов, Ердос Қанаев және Мырзахан Маханов. Бүгінде топ қоржынында бес үнтаспа, 30-ға жуық бейнебаян, 120-ға жуық әндер бар. Дәл қазіргі таңда жаңа екі бірдей әнжинақ пен бір бейнебаянның тұсауы кесілгелі тұр.
«ЖІГІТТЕР» квартеті өздерінің бір сұхбатында: Біз, негізі, балалықпен қосылған топпыз, бізді есейткен сахна деді.
Қазіргі уақытта Жігіттер тобы өнерде жүргеніне 20-жыл толуына орай үлкен концертке қызу дайындық үстінде. Концертте ескі хит әндермен бірге тұсауы жаңадан кесілетін әндердің куәсі боласыздар.
Өтетін орны
Өскемен қ. Ертіс концерт залы
Күні
21 қараша
Басталуы
19:00
Әртістер
Жігіттер тобы
Тұрақ
бар
Ұзақтығы
2 сағат
Жас шектеуі
5+
Жанр
концерт
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 21ҚарашаБейсКонцертный зал КГКП «Восточно-Казахстанская областная филармония»залбастап 6000бастап 6000