ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Қала тандау
Сіздің қалаңыз Астана. Дұрыс па?
Иә
Жоқ
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Абай - Тоғжан. Алатау театрының гастролі Талдықорған қаласында

Абай - Тоғжан. Алатау театрының гастролі Талдықорған қаласында

Сипаттама

«Абай - Тоғжан» музыкалық драмасы адамзаттың Абайына айналған ұлы хакімнің жалынды жас кезінде алғаш ел ісіне араласа бастаған кезеңін суреттейді. Мыңмен жалғыз алысқан, соқтықпалы, соқпақсыз жолға түскен Абайдың жастық шағы ел ішіндегі атқамінерлердің арасындағы дау-дамай мен талас-тартыстың қайнаған ортасына түсіп, ерте есейтіп жіберді. Семейдегі оқуын аяқтамай жатып әкесі Құнанбай елге алдырып, халық арасындағы түйінді мәселелерді шешуге араластыра бастайды.

Сондай істердің бірімен Сүйіндік ауылына келген Абай Тоғжанды көреді. Жүректерінде махаббат оты тұтанған Абай мен Тоғжан арасындағы сүйіспеншілік қойылымның өзегіне айналады.

Сол заманның дәстүрімен атастырылып қойған екі жас шарасыздықтан махаббаттарын құрбан етті.

«Абай-Тоғжан» музыкалық драмасында Абай әндері мен дәстүрлі халық әндері қоса өріліп, қойылымның сырлы мазмұнын, дәуір тынысын, Абай Құнанбайұлының қилы тағдырын жеткізеді

Рольдерді орындаушылар:

Абай Әсет Есжан

Тоғжан Жанерке Дүйсенбина

Құнанбай Оңдасын Бесікбасов

Сүйіндік Дәулет Арипов

Зере Құралай Мырзалинова

Әділбек Егінбаев Ерасыл

Қарашаш Асанова Лаура

Ербол Елдос Әкімбек

Асылбек Есенай Ильясов

Майбасар Шаттық Уатқан

Жеңгелер Алма Аманжолова

Кенже Жүнісова

Айнұр Құлбатырова

Қария Нәсіпжан Басшыбай

Қарабас Азат Дулатұлы

Молда Тимур Пиязов

Тоғжанның жеңгелері Марал Анарбек

Толық оқыңыз
  • Автор

    Исраил Сапарбай

  • Премьера күні, жылы

    2019 жыл

  • Режиссер

    Ерлан Біләл

  • Жанр

    Музыкалық драма

  • Ұзақтығы

    1сағ 15 мин

  • Жас шектеуі

    7+

Freedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кешбэкFreedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кешбэк
Freedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кешбэк

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 19
    Сәуір
    ертең
    Талдыкорганский драматический театр имени Б.Римовой
    Новый зал
    бастап 1000 ₸
    бастап 1000 ₸