rebranding
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

«Біржан – Сара»

Билет сатып алу

«ОПЕРАЛИЯ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ

Мұқан Төлебаев

«Біржан – Сара»

2 бөлімді опера

Қазақ тілінде орындалады

(орыс және ағылшын тілдерінде синхронды аудармамен қамтылған)

Либретто авторы – Қажым Жұмалиев

ЖАҢА МУЗЫКАЛЫҚ САХНАЛЫҚ РЕДАКЦИЯ

«Астана Опера» театрының басты сахнасында ұлттық өнеріміздің бетке ұстар шығармасына айналған Мұқан Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсының жаңа музыкалық-сахналық редакциясы көрсетіледі.

Қоюшы режиссер Асхат Маемиров, режиссердің кеңесшісі Михаил Панджавидзе және қоюшы дирижер Абзал Мұхитдин кейіпкерлердің бейнелерін жаңаша құрып, қазақ классикасын басқа қырынан оқуды ұсынады.

Жәрмеңке көрінісімен басталған опера бірден көрерменнің қиялына қанат бітіреді: мұнда дарынды халық зергерлері, шебер қолөнершілер, әккі саудагерлер, ат үстіндегі бүркітшілер және қанат бойымен жүрген епті жігіттер де бар! 3D-технологияны пайдаланудың арқасында табиғат пен тұрмыс көріністері жандана түседі. Көздің жауын алар костюмдер, сондай-ақ итальяндық хас шебер Серджио Металлидің бейнепроекциялары, ең бастысы – тамаша музыка, солистердің керемет дауыстары мен үйлесімді оркестр үні көрерменге естен кетпес әсер қалдырары анық.

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР:

Біржан –      Мейір БАЙНЕШ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Сара –          Бибігүл ЖАНҰЗАҚ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Жанбота –   Жанат ШЫБЫҚБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Аналық –     Гүлжанат САПАҚОВА

Алтынай –   Мәдина ИСЛАМОВА

Жиенқұл –   Расул ЖАРМАҒАМБЕТОВ, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреат

Қожағұл –    Шыңғыс РАСЫЛХАН

Серік –         Артур ГАБДИЕВ

Естай –        Талғат АЛЛАБИРИНОВ

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ОРКЕСТРІ, ХОРЫ, БАЛЕТІ ЖӘНЕ МИМАНСЫ

ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:

Қоюшы дирижер – Абзал Мұхитдин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Дирижер – Руслан Баймурзин

Қоюшы режиссер – Асхат Маемиров, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Кеңесші режиссер – Михаил Панджавидзе, Татарстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Қоюшы суретшілер – Софья Тасмағамбетова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері / Павел Драгунов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Бас хормейстер – Ержан Дәуітов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы хореограф – Мукарам Авахри, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Проекциялар бойынша дизайнер – Серджио Металли

Жарық бойынша суретші – Якопо Пантани

Қоюшы режиссердің ассистенті – Еренбақ Тойкенов

Ескеруді сұраймыз: спектакльге жануарлар (жылқы) қатыстырылады

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді