Бремен музыканттары. Тұсаукесер!
Атақты «Бремен музыканттары» тобының оқиғасы біздің көрінісімізде ұсынылмақ.
Билік пен бостандық үшін күрес, достық пен адалдық, махаббат пен армандар, кедейлік пен барлық қиындықтарға төтеп беретін батылдық сияқты қасиеттер бір оқиғада тоғысады. Шулы Беременде әуел баста бәрі қарапайым дүниеден негіз алған: дала кезген әндер мен жақсы өмір туралы армандар. Әлемде қатал патша, қу қарақшылар мен өз күшін дәлелдеу қажеттілігі сияқты қиындықтар жеткілікті. Алайда енім артатын достарың мен кез келген қиыншылықтарға қарсы тұруға деген жігер бар кезде, қандай да болсын сынақ оңай түрде қабылданып, әзіл-әнмен енсеріледі.
Бәрімізге таныс оқиға желісі сахна төрінде мүлдем жаңа қырынан танылмақ: бұрынғыдан да жарқын, ашық және батылырақ. Арман жолында кез келген сынақтарға төтеп беріп, бүкіл әлем еститіндей етіп ән салудың маңыздылығы туралы әңгіме.
Біздің хикаямызбен танысуға дайынсыздар ма?