ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Қала тандау
Сіздің қалаңыз Астана. Дұрыс па?
Иә
Жоқ
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
«Черноликие» /кара йөззәр/

«Черноликие» /кара йөззәр/

Сипаттама

«...Ібіліс те жоқ, тозақ та жоқ - тек шексіз адами надандық қана бар».
- Л. Мацих

Ауылдың мақтанышы, көрікті Гәлиманың қарапайым ауыл жігіті Закирге ғашық болуына жол беруге бола ма? Кертартпа көзқарастағы ауыл адамдары қатты шошынды: ғашықтарды бір сәттік әңгіме үстінде көріп қойған. «Шариғат қыз бен жігіттің сөйлесуіне рұқсат ете ме?» деп хазреттен сұрайды олар. Енді не істемек? Гәлиманы да, Закирді де кешіру дін заңы бойынша ауылдастарының алдында беделден айырылу. Ал дін қызметкері ретінде оның парызы - моральдық тәртіпті қадағалау. Қалатын жалғыз жол - жаза.

Бүгінгі күні «Қара жүзділер» спектаклі нені баяндайды? Діни реңк артта қалып, алға қарапайым адами кемшіліктер шыққан заманда. Бәріне кінә - өз әрекетін дінмен ақтауға дайын адамдар. Қойылымның өзегінде - адамның табиғаты. Бұл - уақытпен шектелмейтін, мәңгілік тақырып. Өмір секілді.

Қойылым Башқұртстан Республикасының Басшысы грантының қолдауымен, ең маңызды шығармашылық жобаларға арналған байқау аясында сахналанған (2014).

«Золотая маска» Ресей ұлттық театр премиясы-фестивалінің номинанты:

«Үздік шағын формадағы спектакль»

«Үздік режиссура» (Айрат Әбүшахманов)

«Үздік әйел бейнесі» (Гүлнара Қазақбаева)

«Үздік сценограф жұмысы» (Альберт Нестеров)

«Үздік костюм суретшісі» (Альберт Нестеров) - осы номинацияда жеңімпаз атанған.

Қатысқан халықаралық фестивальдер:

Түркітілдес театрлардың «Науруз» халықаралық фестивалі
(Қазан қаласы, Татарстан Республикасы; 2015 ж.)

Инсценировка авторлары:

Айрат Әбүшахманов - Башқұртстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, С.Юлаев атындағы мемлекеттік сыйлық лауреаты

Шаура Ғильманова - Ресей мен Татарстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Башқұртстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері

Қойылым режиссері:
Айрат Әбүшахманов - БР еңбек сіңірген өнер қайраткері, С.Юлаев атындағы мемлекеттік сыйлық лауреаты

Сценограф:
Альберт Нестеров - БР еңбек сіңірген өнер қайраткері, С.Юлаев орденінің иегері, С.Юлаев атындағы мемлекеттік сыйлық лауреаты, «Золотая маска» театралдық премиясының иегері

Композитор:
Ильшат Яхин - БР еңбек сіңірген өнер қайраткері

Пластика:
Ринат Әбүшахманов - БР еңбек сіңірген әртісі
Сулпан Аскарова - БР еңбек сіңірген әртісі

Жарық суретшісі:
Ильшат Саяхов

Салт-жоралғылар кеңесшісі:
Асия Ғайнуллина

Хормейстер:
Алсу Хасбиуллина

Қойылымда синхронды түрде орыс тіліне аударма жүргізіледі.

Қатысушылар мен рөлдер:

Галима - Гүлнара Қазақбаева, БР еңбек сіңірген әртісі / Римма Қаһарманова, БР еңбек сіңірген әртісі
Закир - Артур Қабиров, БР еңбек сіңірген әртісі, Ш.Бабич атындағы жастар сыйлығының және С.Юлаев атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Гали - Лилия Галина / Ильгиза Ғильманова, БР еңбек сіңірген әртісі
Фахри - Ахат Хусаинов, БР халық әртісі
Хамида - Ілсияр Газетдинова, РФ еңбек сіңірген әртісі, БР және ТР халық әртісі / Нурия Ирсаева, РФ, БР және ТР халық әртісі
Бедер - Гүлнара Амирова, БР халық әртісі
Ғимади - Ирек Булатов, БР халық әртісі
Ахун хазрет - Хурматулла Үтәшев, РФ және БР халық әртісі, РФ және БР еңбек сіңірген әртісі, С.Юлаев атындағы мемлекеттік сыйлық лауреаты
Қазы - Рауис Загитов, РФ еңбек сіңірген, БР халық әртісі
Ғильмия - Танзиля Хисамова, РФ және БР еңбек сіңірген, БР халық әртісі
Нағим халифа - Юнир Құланбаев, БР еңбек сіңірген әртісі
Ғайфолла - Ринат Баймурзин, БР еңбек сіңірген әртісі, Ш.Бабич атындағы жастар сыйлығының лауреаты

Массалық көріністерде (шәкірттер, қыздар, ауыл адамдары):
Урал Аминов (БР еңбек сіңірген әртісі, Ш.Бабич атындағы сыйлық лауреаты), Юлия Аскарова, Азат Валитов (Ш.Бабич атындағы сыйлық лауреаты), Сабина Киреева, Артур Кунакбаев (БР еңбек сіңірген әртісі, Ш.Бабич сыйлығының лауреаты), Мурат Рафиков, Фанис Рахметов (БР еңбек сіңірген әртісі, Ш.Бабич сыйлығының лауреаты), Милена Сираева (БР еңбек сіңірген әртісі), Айнур Ситдиков, Зилия Ситдикова, Руслан Хайсаров (БР еңбек сіңірген әртісі), Гүлназ Хайсарова, Айдар Шамсутдинов, Зиляра Юлтаева, Алмаз Юсупов.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қаласы, И. Есенберлин көшесі, 10, «Жастар» театры (Кіші зал)Мажит Гафуридің Авторы

  • Күні

    18 мамыр, 2025

  • Жанр

    спектакль

  • Ұзақтығы

     

  • Жас шектеуі

    16+

  • Қосымша

    орыс тіліне ілеспе аударма жүзеге асырылады

Freedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кешбэкFreedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кешбэк
Freedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кешбэк

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 18
    Мамыр
    Жекс
    Театр «Жастар»
    Малый зал
    бастап 3000 ₸
    бастап 3000 ₸