ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Қала тандау
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
«Музыка әлемінде» балалар концерті. Шымкенттегі Астана Опера гастрольдері

«Музыка әлемінде» балалар концерті. Шымкенттегі Астана Опера гастрольдері

Сипаттама

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ОПЕРА ЖӘНЕ БАЛЕТ ТЕАТРЫ

ҮЛКЕН ЗАЛ

2024 жылғы 28 қыркүйек * 12:00

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ

ШЫМКЕНТТЕГІ ГАСТРОЛІ

Балалар арналған концерт

«Музыка әлемі»

КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ӨТЕДІ

Ұзақтығы 50 минут

Жас шектеуі 5+ екендігіне назар аударуды сұраймыз

Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры 28 қыркүйекте Шымкент қалалық опера және балет театрының сахнасында балаларға арналған «Музыка әлемі» концертін ұсынады.

Концерт жүргізушілері театр музыкатанушылары сопранодан бастап басқа дейінгі опера дауыстарының барлық түрі туралы қызықты да танымды түрде әңгімелесе, опера солистері М.Төлебаев, Н.Тілендиев, С.Мұхамеджанов, Ж.Бизе, Дж.Верди, Дж.Россини, Ж.Оффенбахтың танымал романстары мен операларынан арияларды шырқайды.

Оркестр әртістері музыканың көмегімен балаларды сонау барокко дәуіріне жетелеп, музыкалық аспаптардың шығу тарихымен таныстырады әрі Л.Боккерини, И.Штраус, И.С.Бах, К.Сен-Санс, Э.Григ, А.Жұбанов, Дәулеткерей сынды кемеңгер композиторлардың туындыларын орындайды.

Кішкентай көрермендерімізді «Астана Опера» театрының әртістерімен бірге керемет музыка әлемін тануға шақырамыз.

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Сопранолар:

Бибігүл Жанұзақ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Гүлдана Алдадосова

Меццо-сопрано Гүлжан Рысқалиева

Тенор Талғат Аллабиринов

Баритон Талғат Ғалеев

Бас Болат Есімханов

Скрипка Шалқар Желдібай, Мадина Кунесова

Альт Эльмира Маратқызы

Виолончель Данияр Қадралинов

Контрабас Нұрлан Двесов

Флейта Алексей Косырев

Фагот Әсет Нелдібаев,

Гобой Дамиля Махпирова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Кларнет Станислав Умаров

Валторна Марат Қонысбаев

Труба Дулат Бикенев

Соқпалы аспаптар Ерболат Тәшкенбаев, Мақсат Сүлейменов

Фортепиано партиясы Раушан Бескембирова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Концерт жүргізушісі музыкатанушы Сәуле Мәулетова

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Шымкент қалалық опера және балет театры

  • Күні

    28 қыркүйек 2024 жыл

  • Уақыты

    12: 00

  • Ұзақтығы

    1 сағат

    Бөлісу:

    Кесте
    • Күні
      Өту орыны
      Аймақ
      Ересектерге
      Балаларға
    • 28
      Қыркүйек
      Сенб
      Шымкентский городской театр Оперы и Балета
      Зрительный зал
      бастап 2000 ₸
      бастап 2000 ₸