Дөкей келе жатыр
Сипаттама
Айрандай ұйыған ауылдың мамыражай тірлігін бір ауыз хабар соншалықты әуреге салады деп кім ойлаған! Дөкей келе жатыр! Ол неге келе жатыр? Талай жылдан бері бөлімшені «адал» басқарып келе жатқан Көпейдің еңбегін бағалауға ма? Әлде халықтың әл-ауқатын көтеріп,жоғын түгендеуге ме? Мүмкін барлығын бастан аяқ тізіп қойып,тізіммен хаттап тексеруге ме? Ол әзірге барлығына жұмбақ! Қилаудың құрық бойламас құйтырқы қулығы, Базаркүлдің мәңгілік махаббатын аңсаған «пәк» көңілі.Ұлқудың ерке сезім,жібек әні келе жатқан Дөкейге тосқауыл бола ала ма? Өткір әзілмен,қазақы қалжыңмен түйрей жазылған Сафуан Шаймерденовтың белгілі комедиясынан осы сұрақтардың жауабын бірге іздеп көрейік!
Авторы
С. Шаймерденов
Премьера күні, жылы
30.03.2024 жыл
Режиссёр
Ж. Жұманбай
Жанр
комедия
Ұзақтығы
1сағат 30 минут
Жас шектеуі
12+
Кесте
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 3ҚарашаЖексВосточно-Казахстанский Областной Драматический ТеатрБольшой залбастап 1200 ₸бастап 1200 ₸