ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Қала тандау
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Дон Паскуале

Дон Паскуале

Сипаттама

«PICCOLO» ТЕАТРЫ

Гаэтано Доницетти
«Дон Паскуале»
екі бөлімді драма-буффа

Итальян тілінде орындалады
(қазақ және орыс тілдеріндегі синхронды аудармамен)

Либретто авторы Дж.Руффини, А.Анеллидің «Сэр Марк Антонио» либреттосының желісімен

КӨРКЕМДІК-ҚОЙЫЛЫМДЫҚ ТОП:
Қоюшы дирижер Абзал Мұхитдин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Дирижер Руслан Баймурзин
Қойылымның көркемдік жетекшісі Алла Симонишвили
Сценограф әрі костюмдер бойынша суретші Манана Гуниа
Режиссер Еренбақ Тойкенов
Бас хормейстер Ержан Дәуітов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Жарық бойынша суретші Сергей Кулак
Жобаның техникалық директоры Виктор Караре
Опера труппасының директоры Мейір Байнеш, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Бүгінгі таңда таусылмас өткірлігімен, жайнақылығымен, нәзік сыршылдығымен ерекшеленетін «Дон Паскуале» драма-буффасы ең танымал жиырма итальяндық операның құрамына енеді және жыл сайын әлемнің 150-ден астам театрларында сахналанады.
«Дон Паскуаленің» жазылу жылдамдығы бойынша аңыздар таралып жүр. Түрлі дереккөздерде 11 күннен бастап екі-үш аптаға дейінгі мерзімдер аталуда. 27 жыл ішінде өзінің 74 операсын жазған Доницетти үшін бұл өте жылдам уақыт. Сірә, композитор ерекше құлшыныспен жұмыс жасаған болар.
Ғашық шалдың оқиғасы арқау болған сюжет Доницеттидің замандастарына көптеген әдеби туындылардан таныс еді, сондай-ақ XVI ғасырдан бастап театр сахнасында классикалық комедияларда әрі опера-буффаларда қойылып жүрді.
Шалды үйлену ойынан айныту үшін достары сыпайы «монастырь тәриеленушісінен» әп-сәтте нағыз долыға айналып, күйеуін есінен тандыратын әйелмен жалған неке қиюын ұйымдастырады. Мұндай жағдайлар барлық уақытта да орын алады.
«Дон Паскуаледе» барлығы бар махаббат, қулық пен қатал ойын, тапқыр шешімдер, киім ауыстырумен байланысты күлкілі жағдайлар, түңілу мен әшкерелеу... Әлбетте, ең бастысы Гаэтано Доницеттидің нағыз музыкалық жауһары!
Бір сөзбен айтқанда, көрермен қауымды өмір мен театр мерекесі күтуде!

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ОПЕРА СОЛИСТЕРІ, ОРКЕСТРІ, ХОРЫ ЖӘНЕ МИМАНСЫ

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана, Astana Opera (Үлкен зал)   

  • Күні

    2024 жылғы 29 қазан

  • Уақыты

    19: 00

  • Ұзақтығы

    1 сағат 45 минут. 

  • Жас шектеуі

    10+

  • Қосымша

    Жас шектеуі 10 екенін ескеріңіз+ Әкімшілік орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 29
    Қазан
    Сейс
    Astana Opera
    Камерный зал
    бастап 5000 ₸
    бастап 5000 ₸