
Ballet Gala Астана Балетте
Сипаттама
Ballet Gala «Астана Балетте»
«Астана балет» театры 8 наурыз Халықаралық арулар күніне арналған «Ballet Gala» концерттік бағдарламасын ұсынады. Бағдарламаға 11 жылдық театр репертуарының сан түрлі жарқын қойылымдары кіреді.
Мерекелік гала-концерт - бұл нағыз би сиқыры, сезімдердің отшашуы және әртістердің керемет шеберлігі! Өнер ұсынудың бұл түрі бір кеште сүйікті қойылымдардың үздік сәттерін қайта тамашалағысы келетін тұрақты көрермендерге де, театрдың қойылымдарымен алғашқы танысу үшін келген қонақтарға да өте қолайлы екені хақ. Көрермен жарқын костюмдер мен безендірулер аясында шебер түрде ұсынылатын жеке, дуэтті және жалпы балет нөмірлерінің үйлесімді тізбегін тамашаламақ.
Кештің бағдарламасында классикалық және неоклассикалық қойылымдардан үзінділер - «Баядерка», «Шахерезада», «Ромео және Джульетта», «Спартак» және т.б.; бразилиялық хореограф Рикардо Амарантенің балеті - «Love Fear Loss»; авторлық және ұлттық балеттер; сондай-ақ концерттік бағдарламалардан хореографиялық миниатюралар ұсынылады.
Өтетін орны
Астана қ., Ұлы Дала даңғылы, 43, Astana Ballet
Күні
7 наурыз 2025 жыл
Басталуы
19:00
Ұзақтығы
90 минут
Жас шектеуі
7+
Қосымша
7 жастан асқан балаларға жеке билет сатып алу қажет, 7 жасқа дейінгі балаларға кіруге тыйым салынады.
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 7НаурызЖұмAstana BalletЗалбастап 2000 ₸бастап 2000 ₸