
«Замандар үндестігі: Гайдн, Брамс, Несіпханов»
Сипаттама
«Қазақквартет шақырады» топтамасы
Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің
30 жылдығына орай
«Замандар үндестігі: Гайдн, Брамс, Несіпханов»
концерті
КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ
Ұзақтығы 1 сағат 30 минут
Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз
Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады
Ғ.Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті өз жанкүйерлері бар әрі республикамызда және одан тыс жерлерде камералық музыканы белсенді насихаттап жүрген кәсіби шеберлігі жоғары музыканттар ұжымы.
2025 жыл Ғ.Жұбанова атындағы квартет үшін мерейтойлық жыл: 30 жыл бойы танымал ұжым классикалық музыка сүйер қауымды сан алуан концерттік бағдарламаларымен, жарқын фестивальдік әрі гастрольдік өнер көрсетулерімен қуантып келеді.
«Замандар үндестігі: Гайдн, Брамс, Несіпханов» концертінің бағдарламасына музыканттар дәстүр бойынша әлемдік музыка өнерінің жауһарлары вена классигі Йозеф Гайдн, неміс романтигі Иоганнес Брамстың ішекті аспаптар квартеттерімен қатар қазақстандық композитор Омархан Несіпхановтың туындысын да енгізді.
БАҒДАРЛАМА:
Й.Гайдн. №6 ішекті аспаптар квартеті, ре мажор, ор. 33
«Орыс квартеті»
1. Vivace assai
2. Andante
3. Scherzo. Allegro - (Trio)
4. Finale. Allegretto
И.Брамс. №3 ішекті аспаптар квартеті, си-бемоль мажор, ор. 67
1. Vivace
2. Andante
3. Agitato (Allegretto non troppo)
4. Poco allegretto con variazioni
О.Несіпханов. Ішекті аспаптар квартеті
ОРЫНДАУШЫЛАР:
Ішекті аспаптар квартетінің құрамы:
Айдар ТОҚТАЛИЕВ (1-ші скрипка)
Алексей ЛЕБЕДЕВ (2-ші скрипка)
Бекзат САЙЛАУБАЙҰЛЫ (альт)
Ернар МЫҢТАЕВ (виолончель)
Көркемдік жетекші Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Ернар Мыңтаев
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.
Өтетін орны
Астана қ., Astana Opera (Камералық зал)
Күні
2025 жылғы 22 мамыр
Уақыты
19:00
Ұзақтығы
1 сағат 30 минут
Жас шектеуі
10+
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 22МамырБейсAstana OperaКамерный залбастап 5000 ₸бастап 5000 ₸