ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Қала тандау
Сіздің қалаңыз Астана. Дұрыс па?
Иә
Жоқ
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Балақай! Ең үздігі – сен үшін!

Балақай! Ең үздігі – сен үшін!

Сипаттама

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН КОНЦЕРТ

(«Балаларға арналған классика» топтамасы)

Камиль Сен-Санс

«ЖАНУАРЛАР КАРНАВАЛЫ»

Хайуанаттар туралы фантазия

(орыс тілінде)

Ұзақтығы 50 минут

Жас шектеуі 1+ екендігіне назар аударуды сұраймыз

Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

«Астана Опера» театры жасөспірім көрермендер үшін арнайы жазылған ең танымал шығармалардың бірі француз композиторы Шарль-Камиль Сен-Санстың «Жануарлар карнавалы» сюитасын ұсынады. Балалар симфониялық оркестр аспаптарының қалай дыбысталатынын естіп, олардың жануарлар мен құстардың дауысына қалай еліктей алатынын білетін болады. Әртістермен бірге балалар қалалық хайуанаттар бағындағы Жануарлар карнавалына тап болады.

Алғаш рет сюита 1886 жылғы 9 наурызда орындалды. Бұл шығарманы тек музыкалық әзіл ретінде есептеген Сен-Санс «жеңіл» музыка авторы атанудан қорқып, көзінің тірісінде оны басып шығаруға тыйым салады. Сөйтіп, «Жануарлар карнавалы» 1921 жылы композитор қайтыс болғанға дейін, тек жеке үйлер мен салондарда ғана орындалып жүрді.

Сен-Санс сюитаның жалғыз бөлімі виолончель мен фортепианоға арналған «Аққу» пьесасын ғана басып шығаруға рұқсат берді, ол автордың көзі тірісінде музыканттардың репертуарына тұрақты енген болатын. Оның танымалдығына көбіне Михаил Фокиннің ұлы балерина Анна Павловаға арнап қойған «Өлім алдындағы аққу» хореографиялық миниатюрасы себеп болды.

Жалпы «Жануарлар карнавалы» әзілге толы, оның кейбір бөліктерінен танымал музыкалық шығармаларға пародиялар немесе олардан үзінділер естуге болады.

«Астана Опера» әртістерімен бірге сахна төріне Астана қаласы «Щелкунчик» балет өнері мектебінің тәрбиеленушілері шығады (жетекшісі Мая Амеличева).

ОРЫНДАУШЫЛАР:

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ КАМЕРАЛЫҚ АНСАМБЛІ

Дирижер Руслан БАЙМУРЗИН, «Құрмет» орденінің кавалері

Фортепиано партиясы Жанар СЕЙІТХАНОВА, Салтанат ӘБІЛХАНОВА

Астана қаласы «Щелкунчик» балет өнері мектебінің тәрбиеленушілері

(жетекшісі Мая АМЕЛИЧЕВА)

Жүргізуші музыкатанушы Сәуле МӘУЛЕТОВА

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., Astana Opera (Үлкен зал)

  • Күні

    20 сәуір 2025 жыл

  • Уақыты

    15: 00

  • Ұзақтығы

    50 минут

  • Жас шектеуі

    5+

  • Қосымша

    Жас шектеуі 5+екенін ескеруді сұраймыз. Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

Freedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кешбэкFreedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кешбэк
Freedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кешбэк

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 20
    Сәуір
    Жекс
    Astana Opera
    Большой зал-6 (БХ)
    бастап 1000 ₸
    бастап 1000 ₸