Қазақстан - Иран (FIBA Asia Cup 2025 Qualifiers)
2025 жылдың 21 және 24 ақпан күндері Астана қаласының төрінде баскетболдан Қазақстан ерлер құрамасы 2025 жылғы Азия Кубогының іріктеу аясында Катар және Иран ерлер құрамаларына қарсы үй матчтарын өткізеді!
Азия Кубогы - ФИБА (Азия) қамқорлығымен өткізіліп жатқан баскетбол бойынша ерлер арасында 31-ші Азия чемпионаты. Турнир қожайыны Сауд Арабиясы болып табылады. Бұл спорттың осы түрі бойынша Азиядағы ерлер ұлттық құрамалары үшін ең беделді турнир деп саналады. Жоспарланған өткізу мерзімі - 2025 жылдың 5-17 тамыз күндері аралығында. Қазіргі чемпиондар - Австралия құрамасы.
Біліктілік турниріне 24 команда қатысуда. Әр топтың үздік екі командасы финалдық турнирге жолдама алады, ал үшінші орын алған алты команда соңғы төрт орын үшін тағы бір іріктеу турнирін өткізеді. Матчтар үш уақытта өтеді: 2024 жылғы ақпан, 2024 жылғы қараша және 2025 жылғы ақпан.
Қарсыластар:
Біліктілік турнирінде Қазақстан «E» тобында Иран, Үндістан және Катар командаларымен бірге ойнайды.
Жарыстар кестесі:
23 ақпан 2024: Қазақстан - Үндістан
26 ақпан 2024: Катар - Қазақстан
22 қараша 2024: Иран - Қазақстан
25 қараша 2024: Үндістан - Қазақстан
21 ақпан 2025: Қазақстан - Катар
24 ақпан 2025: Қазақстан - Иран
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:


