
Жан тербейтін пернелер мен ішекті аспаптар
Сипаттама
«Музыкалық альянс» топтамасы
Концерт
«Жан тербейтін пернелер мен ішекті аспаптар»
Құрамына белгілі аспапшылар Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов (скрипка), «Құрмет» орденінің кавалері Еркебұлан Сапарбаев (скрипка), Дархан Сәдуақасов (альт) және Ермек Құрманаев (виолончель) енген Kazakh Quartet «Жан тербейтін пернелер мен ішекті аспаптар» музыкалық кешін ұсынады. Дарынды пианист халықаралық байқаулардың лауреаты Анара Камельинова квартет музыканттарымен бірге кезекті мәрте өнер көрсетпек.
Камералық музыкаға деген сүйіспеншілікпен бірігіп, пікірлері бір арнада тоғысқан ұжым тыңдаушылардың назарына бағдарламасында XIX ғасырдың классик композиторлары Феликс Мендельсон-Бартольди мен Сезар Франктың квартеттік өнерінің озық үлгілері бар «Музыкалық альянс» топтамасынан концерт ұсынады.
БАҒДАРЛАМА:
Ф.Мендельсон-Бартольди. №2 ішекті аспаптар квартеті, ля минор, ор.13
1. Adagio - Allegro vivace
2. Adagio non lento
3. Intermezzo. Allegretto con moto - Allegro di molto
4. Presto
С.Франк. Фортепианолық квинтет, фа минор
1. Molto moderato quasi lento
2. Lento, con molto sentimento
3. Allegro non troppo, ma con fuoco
ОРЫНДАУШЫЛАР:
Kazakh Quartet
Еркебұлан Сапарбаев (бірінші скрипка)
Бағдат Әбілханов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (екінші скрипка)
Дархан Сәдуақасов (альт)
Ермек Құрманаев (виолончель)
Анара Камельинова (фортепиано)
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.
Өтетін орны
Астана қ., Astana Opera (Камералық зал. Қ. Байсейітова)
Күні
26 наурыз 2025 жыл
Уақыты
19: 00
Ұзақтығы
1 сағат 20 минут
Жас шектеуі
10+
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 26НаурызСәрсAstana OperaКамерный залбастап 4000 ₸бастап 4000 ₸