
Марат Бисенғалиевтың концерті
Сипаттама
7 наурыз күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында ерекше оқиға, сахна төрінде қазіргі заманғы алдыңғы қатарлы жетекші музыкант, әлемдік деңгейдегі әртіс Марат Бисенғалиев пен филармонияның камералық оркестрі өнер көрсетеді.
М.Бисенғалиевтың жыл сайынғы концерттік кестесі жүз отызға дейінгі өнер көрсетулерінен тұрады және әлемнің 35-тен астам елін қамтиды. Музыкалық Олимпті бағындыру жолындағы алғашқы қадамды 1991 жылы әлемге әйгілі «Naxos» және «Marco Polo» дыбысжазу компанияларымен жасалған келісімшарты болып саналады. М.Бисенғалиевтың біздің филармониямен шығармашылық ынтымақтастығы көптеген жылдар бойы жалғасып келеді.
Концерттік бағдарламада майталман скрипкашы мен филармонияның камералық оркестрінің орындауында ағылшын композиторы Карл Дженкинстің «Сары қыз», «Палладио», «Әлем» сюитасынан «Эйр», «Шәкәрім» сюитасынан «Зағипа», «Шерпек» композициялары және т.б. асыл туындылар өнер сүйер қауымның назарына ұсынылады. Бұл шығармаларда қазақ халық әуендері мен фольклорлық аспаптардың дыбысталуы қолданылады.
Өтетін орны
Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 160, Ө. Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы
Күні
7 наурыз, 2025
Әртістер
камералық оркестр Марат Бисенғалиев
Жанр
концертсмешанный
Ұзақтығы
1 сағат
Жас шектеуі
7+
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 7НаурызЖұмАкмолинская областная филармония им. У. ЫбыраяНовый Залбастап 3000 ₸бастап 3000 ₸