ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Қала тандау
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Туған елім саған арнаймын!

Туған елім саған арнаймын!

Сипаттама

Кеш барысында еліміздің жетекші композиторларының шығармалары орындалады. Бағдарлама қазақ өнерінің дәстүрлі сарқылмас қазынасынан бастап, заманауи музыкалық туындыларға дейінгі кең ауқымды қамтиды. Тыңдармандар ғажайып күйлер мен симфониялық композицияларды тыңдап, олардың терең философиялық мағынасын ұғына алады. Олардың ішінде қазақ мәдениетінің көрнекті өкілдері Балнұр Қыдырбек, Ақтоты Раимқұлова, Серік Абдинуров, Еркін Нұрымбетов және басқа да композиторлардың туындылары бар.

«Аспаны гауhар», «Ғасырлар сазы», «Дешті қыпшақ», «Жүрек сыры» сынды шығармалар халықаралық байқаулардың лауреаты «Қорқыт» этно ансамблінің орындауында әуелейді.

«Қорқыт» этно ансамблі өздерінің кәсіби шеберлігімен ұлттық аспаптардың сиқырлы үнін жеткізіп, көрермендерді өнердің рухани әлеміне бойлатпақ. Концертте қазақ халық дәстүрлерінің тереңдігін, ғасырлар бойғы музыкалық мұраның нәзіктігін және заманауи композиторлық мектептің жаңашылдығын айқын сезінуге мүмкіндік туады.

Бұл кеш тыңдарманды қазақ музыкасының әсемдігімен, оның бай мәдени мұрасымен таныстыра отырып, Қазақстанның композиторлық өнерінің биік деңгейін көрсететін айтулы шара болады.

«Қорқыт» этно ансамблі қазақтың бай музыкалық мұрасын насихаттап, ұлттық өнердің терең тамырларын заманауи тыңдарманға жеткізетін Қазақстанның жетекші ұжымдарының бірі. Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның құрамында қызмет ететін ансамбль ұлттық музыкалық аспаптардың көмегімен көне дәстүрлерді жаңғыртып, қазақ халқының мәдени байлығын кеңінен танытуда.

Ансамбль құрамына дәстүрлі ұлттық аспаптарда ойнайтын кәсіби музыканттар кіреді, олардың арасында қобызшылар, домбырашылар, шертершілер, сыбызғышылар бар. Ұжым қазақтың дәстүрлі күйлері мен әндерін, сондай-ақ заманауи композиторлардың туындыларын орындау арқылы ұлттық мәдениетті насихаттап, көрермендерге ерекше әсер қалдырады.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., филармонияның камералық залы, Абай, 29

  • Күні

    12 қазан, 2024 жыл

  • Басталуы

    18: 00

  • Ұзақтығы

    1 сағат 30 минут

    Бөлісу:

    Кесте
    • Күні
      Өту орыны
      Аймақ
      Ересектерге
      Балаларға
    • 12
      Қазан
      Сенб
      Государственная академическая филармония имени Еркегали Рахмадиева, Камерный зал
      Камерный зал
      бастап 3000 ₸
      бастап 3000 ₸