
«Қоштасқым келмейді!..» Almaty Theatre
Сипаттама
4 наурыз күні Almaty Theatre сахнасында белгілі драматург А. Володиннің пьесасы негізінде қойылған «Қоштасқым келмейді!..» («С любимыми не расставайтесь») атты әсерлі спектакль көрермен назарына ұсынылады. Қоюшы-режиссері А.Маемиров. Терең психологиялық мәнге ие бұл қойылым шынайы махаббаттың кез келген қиындықты жеңе алатынын айғақтайды.
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры Қазақстанның театр өнеріндегі ең жарқын жұлдыздардың бірі. Театр өзінің ғасырға жуық тарихында сансыз таланттарды сахна төріне шығарып, көрермендерге терең мазмұнды, шабыт сыйлайтын қойылымдарды ұсынып келеді. «Қоштасқым келмейді!..» бұл жай ғана спектакль емес, бұл адам жанының терең иірімдеріне бойлатып, кейіпкерлердің жан тебірентерлік сезімдерін бастан өткеруге мүмкіндік беретін көркем туынды. Ол өмірдің қарапайым, бірақ бір мезетте күрделі философиясы жайында ой қозғайды.
Адам есейген сайын, ғашық болған сайын, тағдырдың түрлі сынақтарына ұшырайды. Кейде сол қиындықтар ең берік деген қарым-қатынастарды да шайқалтып жібереді. Әрқайсымыз өмірде махаббаттың беріктігі сыналатын сәттерді бастан кешіреміз. Ұрыс-керіс, реніш, көңіл қалу… Кейде жалғыз шешім қоштасу сияқты көрінеді.
Алайда бұл қойылым әр адамның ішкі әлемі тұтас бір ғалам екенін, оған үңілу, түсіну, қажет болса кешіре білу керектігін еске салады. Нағыз, шынайы махаббат ауыр сынақтардан өтіп, қайта түлеген, одан әрі бекемдене түскен сезім.
Өтетін орны
Алматы қ., Almaty Theatre
Күні
2025 жылғы 4 наурыз
Уақыты
19:30
Ұзақтығы
2 сағат, үзіліссіз
Жанр
драма
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 4НаурызСейсAlmaty Theatre.Залбастап 2000 ₸бастап 2000 ₸