Пиғылды ешкі
Сипаттама
«Пиғылды ешкі» ертегісінде шал бүр күні өте арзан бағаға ешкі сатып алады екен, оны бағып-қағып, жақсы асырайды екен, алайда оның тентектігінен бейхабар болып жүреді. Үнемі наразысы дайын тұратын ешкіні қорғаштаймын деп, шал өзінің кемпірімен, немересімен ұрсысып қалыпты. Шалдың өзі бұл арам қонақтың тұзағына түспейінше осылайша алданып жүре беріпті. Пиғылды Ешкіні қайта дұрыстап тәрбиелеу мүмкін емес, себебі ол өте арам, дөрекі әрі өз ісіне өкініп, кешірім сұрап білмейді екен. Өйткенше Ешкінің арам пиғылдарын әшкерелеп, абыройын ойран қылып құуып жіберу әлдеқайда жөнірек болады.
Ертегі кейіпкерлерімен бірге сахна төрінде көптеген қызықтар, орыс халық әзілкеш тақпақтарды шырқайтын көңілді скоромохтар да өнер көрсетпек.
Михаил Супониннің пьесасының негізінде аттас орыс халық ертегісі жатыр. Пиғылды ешкі - өтірік айту, жала жабу, еріншектік пен қулықта өз көрінісін табатын өзімшілдіктің бейнесі. Бір қарағанда, оның зұлым істері мен арам пиғылды істерін әшкерелеу ертегі кейіпкерлерінің қолынан ешқашан келместей болды, алайда әрбір істің соңы бар дегендей, бұл зұлымдықты да тоқтату мүмкін болды.
Өтетін орны
ГАРДТ сахнасы, Желтоқсан көшесі, 13
Авторы
М. Супонин
Премьера күні
9 қараша 2021 жҚоюшы-режиссер-ҚР еңбек сіңірген әртісі Б. ПармановҚоюшы-суретші және костюм бойынша суретші-Т. АлиеваБалетмейстер-Р. Белгібаева,Музыкалық безендіру-Н. Терехина
Жанр
ертегі
Ұзақтығы
60 минут
Жас шектеуі
3+
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 23ҚарашаСенбТеатр драмы им. Горького (Астана)бастап 1500 ₸бастап 1500 ₸