ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Қала тандау
Сіздің қалаңыз Астана. Дұрыс па?
Иә
Жоқ
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Қыз Жібек (AstanaOpera)

Қыз Жібек (AstanaOpera)

Сипаттама

Евгений Брусиловский

«Қыз Жібек»

Эпилогы бар 2 бөлімді опера

Е.Брусиловскийдің 120 жылдығына орай

Қазақ тілінде орындалады

(орыс және ағылшын тілдерінде синхронды аудармамен қамтылған)

Ұзақтығы 2 сағат 20 минут (бір үзіліспен)

Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз

Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

Либретто авторы Ғабит Мүсірепов

Қазақтың алғашқы «Қыз Жібек» операсы 1934 жылы Қазақ музыкалық театрының сахнасында (қазіргі Абай атындағы МАОБТ) қойылып, бірден ұлттық музыкалық өнердің інжу-маржанына айналды. Танымал дирижер Абзал Мұхитдин және режиссер Михаил Панджавидзе ұлттық классиканың жаңа қырын ұсынуда. 3D-технологияны пайдаланудың арқасында «Қыз Жібек» ұлттық лиро-эпостық поэмасының кезеңдері көрерменнің көз алдында жандана түседі: проекцияда көрсетілген керуеннің қозғалысы кенеттен сахнадан жалғасын тауып, тірі жылқылар мен түйелердің қатысуымен жүріп өтеді. Суретшілердің шынайы көлемде жасаған қала дуалдары бір сәтте қозғалып, Базарбай Сарайының жанындағы алаң тіршілігіне жол ашылады. Көздің жауын алар киімдер, бейне инсталляция, жарық бойынша суретшінің қызықты жұмысы, ең бастысы бала күнімізден бәрімізге де таныс музыка, солистердің керемет дауыстары және оркестрдің үндескен дыбысталуы «Қыз Жібек» операсын ұмытылмас ерекше етері сөзсіз.

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ОРКЕСТРІ, ХОРЫ,

БАЛЕТІ, МИМАНСЫ ЖӘНЕ БАЛАЛАР СТУДИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ

ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:

Жаңа музыкалық редакция авторы, қоюшы дирижер Абзал Мұхитдин, Қазақстанның Халық әртісі

Дирижер Руслан Баймурзин

Қоюшы режиссер Михаил Панджавидзе

Қоюшы суретшілер Софья Тасмағамбетова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері / Павел Драгунов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Хормейстер Ержан Дәуітов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы балетмейстер Мукарам Авахри, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Проекциялар бойынша суретші Павел Суворов

Жарық бойынша суретші Сергей Шевченко

Консультант Асхат Маемиров, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Опера труппасының директоры Талғат Мұсабаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Балалар хорының жетекшісі Алтынғаным Ахметова

Режиссердің ассистенті Еренбақ Тойкенов

Спектакльді жүргізуші режиссер көмекшілері Алтынғаным Ахметова, Айнұр Халелова

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., Astana Opera (Үлкен зал)

  • Күні

    21-22 наурыз 2025 жыл

  • Уақыты

    18: 00

  • Ұзақтығы

    2 сағат 20 минут

  • Жас шектеуі

    10+

Freedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кэшбэкFreedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кэшбэк
Freedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кэшбэк

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 21
    Наурыз
    Жұм
    Astana Opera
    Большой зал-6 (БХ)
    бастап 1000 ₸
    бастап 1000 ₸
  • 22
    Наурыз
    Сенб
    Astana Opera
    Большой зал-6 (БХ)
    бастап 1000 ₸
    бастап 1000 ₸