
Лазги. Жан мен махаббат биі
Сипаттама
Өзбекстан Ұлттық балетінің гастролі
«Лазги. Жан мен махаббат биі»
балет спектаклі
Өзбекстан мәдениеті мен өнерін дамыту Қорының қолдауымен Өзбекстан Ұлттық балеті қазақстандық көрерменге «Лазги. Жан мен махаббат биі» спектаклінің премьерасын ұсынады.
Шабытқа қанат бітіретін бұл қойылым ЮНЕСКО бойынша әлемдік мәдени мұраның материалдық емес бөлігі деп танылған лазги атты ежелгі халық биіне арналған. Үш ғасырлық тарихы бар лазги биі халықтық дәстүрдің даналығы мен рухын аңдатады. Күрделі қимылдар, бірегей стиль мен энергияның шебер үйлесімі бұл биді мәдени феноменге айналдырады.
Спектакльдің премьерасы Ташкентте 2021 жылы өтіп, бірден көрермендер жүрегіне жол тауып, нағыз сенсацияға айналды. Алғашқы халықаралық премьерасы Dubai Opera сахнасында өтіп, кейін қойылым Ыстамбұл, Бұрса (Түркия), Дортмунд (Германия), Париж (Франция), Санкт-Петербор және Мәскеуде (Ресей) көрсетілді. 2024 жылы спектакль Бейжің (Қытай), Баку (Әзербайжан), сондай-ақ Лондонда (Ұлыбритания) ұсынылды.
Балет сюжеті көрермендерді сонау өткен заманға жетелеп, бұдан мыңдаған жыл бұрын Ұлы Жібек жолы бойымен Орта Азияны кесіп өткен керуендер дәуірінен бастау алатын би мен өмірге деген сүйіспеншіліктің хикаясын баяндайды.
Ежелгі би дәстүрлерін классикалық балет элементтерімен үйлесімді біріктіретін бірегей би қимылдары, таңғажайып халық аспаптары, әсерлі жарық партитурасы мен жаңа сахналық технологиялар Өзбекстан ұлттық балет труппасының шебер орындауымен бірге ұмытылмас әсер қалдырады.
Идея авторы Саида Мирзиёева
Жоба жетекшісі Гаянэ Умерова
Либретто мен хореография Рауль Раймондо Ребек
Сценография Йоко Сеяма
Костюмдер бойынша суретші Фрол Буримский
Музыкалық әрлеу және композиция Дэвидсон Джаконелло
Жарық бойынша суретші Тим Вацлавек
Кеңесшілер Гульнора Мусаева және Гавхар Матъякубова
Өзбекстан ұлттық балетінің әртістері
Ұзақтығы 1 сағат 30 минут
Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз
Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады
Өтетін орны
Астана қ., Astana Opera (Үлкен зал)
Күні
2025 жылғы 27 наурыз
Уақыты
19:00
Ұзақтығы
1 сағат 30 минут
Жас шектеуі
10+
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 27НаурызБейсAstana OperaБольшой зал-6 (БХ)бастап 1000 ₸бастап 1000 ₸