
Орман Ғажайыптары
Сипаттама
Отфрид Пройслердің «Кішкентай мыстан» повесті негізінде сахналанған
Кішкентай Мыстан бала күнінен ғаламат сиқыршы болуды армандайды. Бір күні ол тыйым салынған сиқыршылар мерекесіне қатысып, үлкен сиқыршылардың қаһарына ұшырайды. Сол сәттен бастап, оған ерекше сынақ беріледі: бір жылдың ішінде «жақсы сиқыршыға» айналуы керек!
Жақсы сиқыршы болу адамдарға көмектесіп, мейірімді болу дегенді білдіре ме?! Кішкентай Мыстан үлкен сиқыршылардың сенімін ақтап, сынақтан өте алады ма?!
Спектакль кішкентай көрермендерге жақсылықтың жаршысы болып, айналасын мейірім мен махаббатқа бөлеуге үндейді. Ол адамгершілік, адалдық, жанашырлық сияқты асыл құндылықтарды дәріптеп, шынайы жақсылықтың күші ең мықты сиқыр екенін дәлелдейді.
Аталмыш спектакльде 15-тен астам қуыршақ кейіпкерлері, планшетті, тросты, паркетті, бойлы қуыршақ түрлері бой көрсетеді.
Өтетін орны
Алматы қ., Пушкин к-сі, 63, Алматы мемлекеттік қуыршақ театры
Инсценировка авторы
Евгений Ионов
Режиссер
Антон Зайцев
Суретші
Әсия Құрманалина
Композитор
Андрей Долгоруков
Хореограф
Арстан Туйжанов
Жанр
ертегі
Ұзақтығы
45 минут
Жас шектеуі
5+
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 23СәуірСәрсГосударственный театр кукол АлматыБольшой зал с размещениембастап 2000 ₸бастап 2000 ₸бастап 2000 ₸
- 27СәуірЖексГосударственный театр кукол АлматыБольшой зал с размещениембастап 2000 ₸бастап 2000 ₸бастап 2000 ₸