97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.
Республикалық неміс драма театры

Сыйлық қағазы. Неміс театры

Билет сатып алу

Уақыт тарихи оқиғалар мен фактілерді өңдейді. 

Бір кездері өзгеріссіз әрі анық деп танылған зат бүгінде көптеген сұрақтар мен нұсқамаларға ие. Сондықтан да уақыт өте келе тарихи оқиғалардың куәгерлерімен тікелей тілдесіп, шындыққа көз жеткізгеннің маңызы зор. 

Пьесаның авторы Эрика Миттерер тағдыр тәлкегіне ұрынған бір жанұяның ерекше мейірімді әрі сезімтал оқиғасын сыр шертеді. 

Оқиға желісінің уақыт шеңбері соғыстан кейінгі елуінші жылдар. Алайда кейіпкерлерді толғандыратын сұрақтар бүгінгі таңмен үндес келеді. Жан жарасын қалай жазып, жалғыздықпен қалай күресуге болады? Орасан зор саяси және әлеуметтік өзгерістер дәуірінде неге арқа сүйеу керек? Әртүрлі буын өкілдерімен бір ортақ мәмілеге келу неліктен соншалықты қиын?

Басты кейіпкер мекен ететін шаң басқан, ескі, түрлі қажетсіз дүниелерге толтырылған дүңгіршек - өмірге деген көзқарастың, өткен мен ертеңге деген көзқарастың жарқын бейнесі. Кейіпкерлер уақыт пен ауыртпашылыққа мойынсұнбай, бірін-бірі түсініп, тыңдап, жан дүниелеріне үңіле қараулары керек болады. Болашақта өзімен бірге адам қарым-қатынасы мен сүйіспеншіліктің ең маңызды құндылығын алып, өмір сүруді жалғастыру үшін.