
Madrigal – Жібек жолы
Сипаттама
«Madrigal Marin Constantin»
ұлттық камералық хорының гастролі (Румыния)
«Maдригал: Жібек жолы»
хор музыкасының концерті
КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ және ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ
Ұзақтығы 1 сағат 30 минут
Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз.
Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады
Румынияның Madrigal Marin Constantin ұлттық камералық хоры гастрольдік туры аясында «Maдригал: Жібек жолы» концертін ұсынады. Бұл Жібек жолы бойымен өзіндік музыкалық саяхат іспетті, сондықтан бағдарламаға қытай, қазақ және грузин тілдеріндегі туындылар; Парсы, Үндістан, сондай-ақ Византия империясы мен Қайта өрлеу дәуірі кезеңіндегі Еуропа мәдениетін паш ететін мәтіндер енген.
«Maдригал» камералық хорының негізін 1963 жылы әйгілі музыкант әрі дирижер Константин Марин (1925 2011) қалаған. Содан бері ұжымның сахналық ұстанымы мен көркемдік құрылымы үздіксіз жетілдіріліп отырды, бұл сыншыларға оның өнер көрсетуін «Паганинидің қолындағы Страдивари скрипкасымен» салыстыруға мүмкіндік берді.
«Maдригал» көптеген халықаралық марапатқа ие болды және әлемнің ең беделді сахналарында өнер көрсетіп, 62 жыл ішінде 4 құрлықтағы 40-қа жуық шет елдің 450-ден астам қаласында концерт берді. Биыл хор өзінің негізін қалаушы Константин Мариннің туғанына 100 жыл толуын атап өтуде: оның құрметіне арналған түрлі мәдени жобалар жыл бойы өткізілмек. «Мадригал» өзінің ерекше дауысымен бірегей ғана емес: көрермендер хор әртістерін 60 жылдан астам уақыт бойы ұжымның айрықша белгісіне айналған көрнекті костюмдері әйгілі Қайта өрлеу дәуірі киімімен көреді.
Дирижёр Анна Унгуряну мен режиссёр Эмиль Пантелимон екі бөлімді концерт бағдарламасын ұсынады, ол Қазақстан мен Румынияның Мемлекетік гимндерімен ашылады және Қайта өрлеу дәуірінің композиторлары Орландо ди Лассо, Франческо Ландини, Бальдасаре Донати және басқа да сол кезең авторларының танымал мадригалдары мен мотеттерінен бастап түрлі кезеңдегі грузин, молдова, жапон, румын авторларының хорға арналған туындыларына дейінгі шығармалардың кең ауқымын, сондай-ақ қазақ халық әндерінің өңдеулерін қамтиды.
БАҒДАРЛАМА:
Бірінші бөлім
Шәмші Қалдаяқов. «Менің Қазақстаным» (Қазақстанның Мемлекеттік гимні)
Антон Панн. «Deşteaptă-te, române!» («Оян, румын!») (Румынияның Мемлекеттік гимні)
Томас Морли. «Қазір мамыр айы»
Фрэнсис Пилкингтон. «Ұйықтаңдар, нәзік нимфалар»
Хуан дель Энсина. «Fata la parte»
Аноним. «Ay! Linda amiga». Солист Рената Петрикэ
Фредерико де Бриту, Феррер Триндаде, Д. Ж. Феррейра. «Canção do Mar». Григоре Кудальбудың әрлеуі. Солист Денис Максим, перкуссия Эмануэль Печингина
Орландо ди Лассо. «Matona mia cara»
Франческо Ландини. «Ecco la primavera». Перкуссия Эмануэль Печингина және Геогргиан Илие
Бальдасаре Донати. «Гальярда»
Клаудио Монтеверди. «Cantate Domino»
Византия православиелік канондық емес флорилегий. Константин Марин құрылымдаған (үзінділер):
1. Гавриил Музическу. «Христос воскресе»
2. Иоанн Хрисафи. «Қасиетті Құдай»
Солист Богдан Андронаке, перкуссия Эмануэль Печингина
Екінші бөлім:
Грузин халық әні «Tu ești via». Захарий Палиашвилидің әрлеуі.
Корнелиу Чезар. «Жалын және дөңгелектер» (үзінділер). Солистер Денис Максим және Сильвиу Русу; перкуссия Эмануэль Печингина
Қазақтың халық әні «Япурай». Абзал Мұхитдин мен Каддели Әубәкірованың әрлеуі
Қазақтың халық әні «Әгугәй». Ләззат Жұманованың фортепиано мен хорға ыңғайлауы.
Фортепиано Абель Корбан
Қытай халық әні «Аққу қаз». Әрлеу Синь Хугуан.
Михай Молдован. «Fluieraşe şi buciume»
Ёсинао Накада. «Мен кішкентай күзді таптым». Фортепиано Абель Корбан
Ангелина Мирошникова. Қазақ халық әндері тақырыптарына попурри
ОРЫНДАУШЫЛАР:
Madrigal камералық хоры (Румыния)
Дирижер Анна Унгуряну
Режиссер Эмиль Пантелимон
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.
Өтетін орны
Астана қ., Astana Opera (Үлкен зал)
Күні
2025 жылғы 4 мамыр
Уақыты
18:00
Ұзақтығы
1 сағат 30 минут
Жас шектеуі
10+
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 4МамырЖексAstana OperaБольшой зал-5 (БХ)бастап 1000 ₸бастап 1000 ₸