rebranding

Медаль

Қанат Тілеуханның «Медаль» әңгімесінің желісімен сахналанған қойылымда өмірімізде көп кездесетін бірақ елең қыла қоймайтын жағдайларды  қозғайды. Атап айтсақ, шегі жоқ құнсызданған марапат, уақытында бағаланбаған еңбек, тұлғалар өмірінің шынайы бейнесі...

Аталмыш қойылым soundrama жанрында Талдықорған театрында тұңғыш рет режиссер Фархат Молдағалидің сахналануымен жарық көрді. Автор мен режиссердің ойы бір арнаға тоғысып, кең көлемді шығарма ерекше қолтаңбада 30 маусым күні көрермен назарына ұсынылмақ.