
Алматы музейі
Сипаттама
Мекенжайы: Алматы қ., Қабанбай батыр к-сі, 132
Музейдегі турдың ұзақтығы: 40 минут
Жұмыс кестесі:
Дүйсенбі - музей жабық.
Сейсенбі-жексенбі - 10:00-ден 19:00-ге дейін.
Мереке және демалыс күндеріндегі жұмыс тәртібі:
Дүйсенбі - музей жабық.
Сейсенбі-жексенбі - 10:00-ден 19:00-ге дейін.
Алматы музейі 2002 жылы құрылған, 2016 жылдан бастап бұрынғы Верный балалар үйінің ғимаратында орналасқан. 11 залда Алматы қаласының тұтас тарихы сақталады: осында келіп, сіз оңтүстік астананың түрлі кезеңдерімен таныса аласыз: «Алматының ежелгі тарихы», «Алматының ортағасырлық тарихы», «Қазақ мемлекеттілігінің бастауы», «Алматы тарихының Верный кезеңі», «ХХ ғасырдағы Алматы» және басқалары.
Билет бағасына кіреді: | музейге, негізгі экспозицияға, сондай-ақ уақытша көрмелерге кіру. |
Музейдің ережелері: |
|
Билет құны (балалар/ересектер/жеңілдікті): |
Балалар билеті тегін Ересектер билеті 1000 тг Студентік билет 500 тг Зейнеткерлік билет 300 тг Шетелдік азаматтар 1500 тг |
Мекен-жайы
Алматы қаласы, Қабанбай батыр көшесі 132, Алматы мұражайыДүйсенбі санитарлық күн
Сейсенбі-жексенбі 10
00-19:00 2002 жылы ашылған Алматы музейі Жетісу өңірінің тарихи-мәдени мұраларының барлық саласын қамтыған ірі ғылыми және мәдени орталық. Музей ХIХ ғасырдың сәулет ескерткіші, Поль Гурдэнің жобасымен 1892 жылы салынған бұрынғы балалар үйінің ғимаратында орналасқан. Осы ғимаратта ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Алматы қаласының 1000 жылдығына орай, 2016 жылдың желтоқсан айында Алматы музейінің жаңа экспозициясы құрылды. Музей қорында бейнелеу өнерінің туындылары, қазақ этнографиясының үздік топтамасы, түрлі дәуір мен мәдениетке жататын археологиялық жәдігерлер, нумизматика, жазбаша деректер жиынтығы және басқа да мұралар бар.Музей экспозициясы ерте заманнан бастап қазіргі заманға дейінгі тарихты көрсететін 11 залдан тұрады. Экспозицияны үш мың жыл бұрын пайда болған шағын қоныстардан бастап, Ұлы Жібек жолы бойындағы ортағасырлық қаланың әкімшілік билік, қолөнер, сауда, мәдениет және идеология орталығына айналған Алматының урбанизация үдерісін көрсететін «Ежелгі және ортағасырлық Алматы тарихы» залы ашады.
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 31ЖелтоқсанСәрсМузей АлматыЗалбастап 1000 ₸бастап 500 ₸