ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Қала тандау
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
«Астана Операдағы» музыкалық демалыс (Бірінші концерт)

«Астана Операдағы» музыкалық демалыс (Бірінші концерт)

Сипаттама

Концерт

«Астана Операдағы» музыкалық демалыс

КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ және ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ

Камералық зал сахнасында республикамыздың жетекші шығармашылық білім ордалары мен шетелдің беделді оқу орындарында білім алып жатқан дарынды қазақстандық студенттердің өнер көрсетуі керемет дәстүрге айналды.

«Астана Операдағы» музыкалық демалыс» концертінде П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы, Джоаккино Россини атындағы консерватория (Пезаро қ., Италия), Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясы, Н.Г.Жиганов атындағы Қазан мемлекеттік консерваториясы сынды белді оқу орындарындағы студенттердің орындауында отандық авторлар мен классик композиторлардың туындылары шырқалады.

Барлық жас әртістер жарқын музыканттар, беделді халықаралық байқаулардың лауреаттары. Туған жерде өнер көрсету жауапкершілікті екі есеге арттырады бұл отандық көрермен мен музыка әлеміне жол ашқан ұстаздар алдындағы емтихан, жұмыс қорытындысы, есеп беру сәті болмақ.

Әртістер жеке бағдарламамен, сондай-ақ камералық ансамбль құрамында өнер көрсетеді.

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Марта НАБАТОВА (сопрано), Н.А.Римский-Корсаков атындағы Санкт-Петербор мемлекеттік консерваториясы

Айым АСҚАР (сопрано), Джоаккино Россини атындағы консерватория, Пезаро, Италия

Аделя ДҮЙСЕНБАЙ (скрипка), П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы жанындағы Академиялық музыкалық училище

Камиля ИСМАГУЛОВА (флейта), Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясы, Мәскеу

Нұрғалым СЕРІКЖАН (тромбон), П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы

Ажар РАИМХАН (саксофон), Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясы, Мәскеу

Айша РАИМХАН (фортепиано), Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясы, Мәскеу

Мария ШАВТЕЛЬСКАЯ (фортепиано), Н.А.Римский-Корсаков атындағы Санкт-Петербор мемлекеттік консерваториясы

ФОРТЕПИАНОЛЫҚ ТРИО құрамы:

халықаралық байқаулардың лауреаттары:

1.Диана АБЛАЕВА (скрипка), Н.Г.Жиганов атындағы Қазан мемлекеттік консерваториясы

2.Илхам АИМБЕТОВ (виолончель), П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы

3.Жанна ЗДОРНОВА (фортепиано), Қазақ ұлттық өнер университеті

БАҒДАРЛАМА

В.А.Моцарт. «Фигароның үйлену тойы» операсынан Сюзаннаның ариясы

Э.Вилла-Лобос. «Сезімтал әуен»

М.Төлебаев. «Бақыт вальсi»

С.Рахманинов. Фортепиано, скрипка және виолончельге арналған №2 элегиялық трио, ре минор, op. 9, 1-бөлім (Moderato Allegro moderato)

С.Рахманинов. Фортепианоға арналған «Музыкалық сәттер», ор. 16 №1, 2, 6

С.Прокофьев. Фортепианоға арналған №3 соната, ля минор, ор.28

А.Вайнен. Рапсодия, 2 және 3-бөлімдер

Ц.Кюи. «Сарацин» операсынан Аньесаның ариясы

Дж.Пуччини. «Богема» операсынан Мимидің «Donde lieta uscì...» ариясы

Ғ.Жұбанова. «Из травы я взлетела...» романсы (О.Сүлейменовтің өлеңі)

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., Astana Opera (Камералық зал)

  • Күні

    26 шілде, 2024

  • Уақыты

    19:00

  • Ұзақтығы

    1 сағат 20 минут

  • Жас шектеуі

    10+

  • Қосымша

    Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 26
    Шілде
    Жұм
    Astana Opera
    Камерный зал
    бастап 4000
    бастап 4000