ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Қала тандау
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Онегин

Онегин

Сипаттама

Петр Чайковский

«Евгений Онегин»

Прологы бар 3 бөлімді опера (лирикалық көріністер)

Орыс тілінде орындалады

(қазақ және ағылшын тілдеріндегі синхронды аудармамен)

1877 жылдың мамырында әнші Е.А.Лавровская Чайковскийге Пушкиннің «Евгений Онегин» туындысының желісі бойынша опера жазуға кеңес береді. Композитордың сөзінше, бастапқыда бұл ой жөнсіздеу көрінген, алайда көп кешікпей оған қатты әуестенгені соншалық, бір түнде оқиға барысын жазып шығып, музыкасына кіріседі. Чайковский Пушкиннің дарынына бас иетін.

Либреттосы К.С.Шиловскиймен (1849-1893) бірлесіп жазылған болатын. В.Г.Белинский өлеңмен жазылған Пушкин романын «орыс өмірінің энциклопедиясы» деп атаса, Чайковский тек ақын қаһармандарының жан әлемі мен жеке тағдырына байланысты тұстарын алып, өз операсын жай ғана «лирикалық сахналық көрініс» деп көрсеткен. Сондықтан ол операның алғашқы орындалуын жастарға Мәскеу консерваториясының шәкірттеріне тапсыру туралы шешім қабылдайды. 1879 жылдың 17 (29) наурызында «Евгений Онегиннің» премьерасы өтеді. Көп ұзамай Мәскеудің Үлкен театры (1881) мен Петербордағы Мариинский театрының (1884) сахналарында опера үлкен жетістікпен қойылып, ең танымал туындылардың біріне айналады.

Бүгінде «Евгений Онегин» іс жүзінде барлық театрлар мен атақты әншілердің репертуарына енген. Басты партияларда Р.Тебальди, Г.Вишневская, Р.Жаманова, А.Нетребко (Татьяна); П.Лисициан, М.Магомаев, Е.Серкебаев, Д.Хворостовский (Онегин); В.Атлантов, И.Козловский, С.Лемешев, З.Соткилава, Ә.Дінішев (Ленский) және т.б. опера жұлдыздары жарқырады.

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ОПЕРА СОЛИСТЕРІ, ОРКЕСТРІ, ХОРЫ, БАЛЕТІ,

МИМАНСЫ ЖӘНЕ БАЛАЛАР СТУДИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ

ҚОЙЫЛЫМДЫҚ ТОП

Қоюшы дирижер Алан Бөрібаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Қоюшы режиссер, сценограф Давиде Ливермор

Қоюшы сценограф Франческо Калканини

Костюмдер бойынша суретшілер Софья Тасмағамбетова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері / Павел Драгунов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Хормейстер Ержан Дәуітов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы хореограф Елена Шерстнева

Жарық бойынша суретші Винченцо Рапони

Қоюшы режиссердің ассистенттері Еренбақ Тойкенов / Джанкарло Юдика Кордилья / Аня Рудак

Костюмдер бойынша суретшінің ассистенті Наталия Федорова

Жобаның техникалық жетекшісі Виктор Караре

Бейнепроекцияларды жасаушы «D-WOK» ЖШС

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., Astana Opera (Үлкен зал)

  • Күні

    6 ақпан 2025

  • Уақыты

    19: 00

  • Ұзақтығы

    3 сағат 10 минут, екі үзіліспен

  • Жас шектеуі

    10+

  • Қосымша

    Жас шектеуі 10 екенін ескеруіңізді сұраймыз+Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

Freedom Bank клиенттеріне 17%-дан бастап кешбэкFreedom Bank клиенттеріне 17%-дан бастап кешбэк
Freedom Bank клиенттеріне 17%-дан бастап кешбэк

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 6
    Ақпан
    Бейс
    Astana Opera
    Большой зал-5 (БХ)
    бастап 1000 ₸
    бастап 1000 ₸